Google қытайлық VPN-ресурстардың жарнамасын бұғаттады

Google қытайлық VPN-сайттар мен ресурстардың жарнама үшін берген өтініштерін кері қайтарып жатыр. Компанияның Аспан асты еліне қатысты жаңа саясаты Financial Times басылымында жарық көрді.

Ал өткен аптада кері қайтару алғаны туралы VPNMentor компаниясы да мәлімдеген еді. Бұл компания интернеттегі цензура мен бұғаттауларды айналып өтуге мүмкіндік беретін бағдарлама ұсынады. Бұған дейін компанияның жарнамасы екі жылдай тоқтаусыз жарияланып келген болатын. Бұдан кейін VPNMentor Google-дан алған хатын твиттерге жүктеді.

Дәл осы мазмұндас хабарлама алғаны туралы Top10VPN компаниясы да мәлімдеме жасады. Хаттарда:

Қазіргі уақытта Google Қытайда VPN қызметтеріне жарнама жасауды бұғаттайды және бұл сол елдің заңнамалары негізінде қабылданып отырған шара. Бұл бұғаттаулар қандай да бр елде тыйым салынған жекелей сервистерге ғана қатысты.  жоғарыдағы VPN қызметтердің жарнамасын тоқтату, “қытайға қайтып келу” саясатына байланысты емес.

– деп жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, Аспан асты елінде іздеу жүйесі 2010 жылы жабылған еді. Бұл мемлекет тарапынан болған бірнеше кибератака мен бұғаттаулардан кейінгі шара болатын. Туристер, шетелден келген қонақтар Google іздеу жүйесін және бірнеше әлеуметтік желіні пайдалану үшін арнайы сервистердің көмегіне жүгінуге мәжбүр.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz