Германиядағы сайлау алдындағы фактчекинг және Фейсбук

Былтырғы Америкадағы сайлау және Фейсбуктің негізін қалаушы Марк Цукербергтің фейк жаңалықтарға қатысты жалынды манифесінен кейін әлеуметтік желілер журналистерге әріптес болуды ұсынды.

Фейсбуктің Германиядағы алғашқы серіктесі Correctiv жаңалықтар және зерттеу ұйымы болып отыр, күздегі сайлау қарсаңында олар Echtjetzt деген жеке сайт ашып, француздардың сайлауалды науқан кезіндегі фейктерін әшкере еткен журналист Жак Пезені өздеріне шақырған.

Команда Correctiv

Ұлттық бағыттағы ондаған сайт пен блог, соның ішінде Pegida қозғалысы мен «Германияға арналған альтернатива» партиясы, Ислам мен мигранттар туралы жазатын Anonymousnews.ru, PI News («Саяси сауатсыз жаңалықтар), Нью-Йорктегі Gatestone Institute атты консерваторлар тобы Correctiv ұйымының жіті бақылауында.

Politico басылымының жазуына қарағанда, соңғы екі басылым хаттарға жауап бермейді, Anonymousnews.ru швейцариялық Express Zeitung басылымына бағыттайды, ал ол басылым бұларға ешқандай қатысы жоқ екенін айтады.

Неліктен бұл бағытқа база назар аударып отырғанын сұрағандарға олардың жауабы дайын. Пезе олардың барынша жолға қойылғанын айтады. «Фейктердің көпшілігі мигранттарға, босқындарға және қауіпсіздік мәселесіне қатысты.  Ядролық энергия туралы жаңалықтар жоқтың қасы», – дейді Пезе.

Мұндай жалған ақпарат әлеуметтік желілердегі бөлісу арқылы миллиондарды қамтиды, олардың нақты санын білу мүмкін емес. Ал Correctiv тобының тағы бір қызметкері Каролин Шварцтың айтуынша, мұндай танымалдықтың сыры күрделі мәселеге оңай жауап беруде жатыр.

Америкада сайлауалдындағы жалған ақпараттың көпшілігі боттар арқылы жүзеге асса, Германияда жекелеген партиялар мен қозғалыстардың мүшелері фейк жаңалықтарды өздері таратуда. Оның салдары ел аумағымен шектеліп отырған жоқ, мәселен, жуырда ғана тараған еуро банкноттар мен тиындарды алып қою жөніндегі қауесет тұтас Еуроодақ аумағына тарады. Қауесет Countdown атты христиан блогынан бастау алған, ал олар 2015 жылғы материалды қайта көтерген.

Correctiv ұжымы Фейсбукпен жұмыс істеуге қатысты әзірге нақты ештеңе айта алмайды.  Әлеуметтік желі фейктерді анықтауға мүмкіндік береді, алайда, Фейсбуктің тексеруге арналған жазбалар мен мақалаларды қалай іріктейтіні түсініксіз. Пезе әлеуметтік желінің қайсыбір жазбаның қалайша тез таралатынын да түсіндірмей отырғанын айтады. Дегенмен, Фейсбук Correctiv фейк деп белгілеген жазбаларды алып тастамайды. Әлеуметтік желі өкілінің айтуынша, бұл қызмет әзірге сынақтан өтіп жатқан көрінеді.

Аударған Жұлдыз Әбділда

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz