Формалдық логика негіздері: манипуляцияға ұрынбас үшін не істеу керек? | IV бөлім

Логика бойынша ликбездің қорытынды бөлімінде  біз қалған классикалық логикалық айлалармен танысатын боламыз. Біз бұған дейін қарастырған логиканың төрт заңынан және Ignoratioelenchi немесе «тезисті алмастыру» Argumentum AdHominem немесе «жеке басқа көшу» және petitio principii – «негіздемені болжау» айла-тәсілдерінің бұзылуынан шығатын логикадан бөлек дүниелерді қарастырамыз.

Non sequitur – «керегі жоқ», «қажеті жоқ»

Қандай да бір пікір негізінде, мейлі ол дұрыс болсын, соған сүйене отырып нәтижесінде ол пікірге қатысы жоқ қорытындыға келу жиі кездесетін қателіктерге жатады.

Кеңес дәуірінен бері бізге «Кім бізбен бірге болмаса, ол бізге қарсы» деген идеологиялық тіркес жақсы таныс. Ол логиканың «негіздеменің жеткілікті болуы» деген төртінші заңын бұзатын,  әу бастан-ақ дұрыс құрылмаған тұжырым болатын. Себебі, «ол бізбен бірге емес» дегеннен бөлек, «ол бізге қарсы» деген тұжырым жасау үшін салмақты дәлелдер қажет. Ол ешкіммен бірге емес болуы әбден мүмкін немесе ешкімге де қарсы емес болуы да мүмкін.

Идеологиялық машинаның барлығы дәл осы айла-тәсілді пайдаланады. «Олар біздің үкіметті үнемі сынайды, демек, олар біздің халықтың бақытты болуын қаламайды», «Олар біздің агрессиямызға қарсы келді, демек олар бізді жыққысы келеді» және т.б.  Бұл айтылған бір-екі мысалдан көп түрлі нұсқалар бар.

Тағы да бір қалжың түрінде айтылатын айла бар. Ол «Бүгін ол джаз ойнайды, ал ертең Отанын сатып кетеді». Былай қарасаң, джаз бен үкімет арасында ешқандай байланыс жоқ. Бірақ бұл қазіргі уақытта да манипулятор ретінде әр түрлі түрленіп сәтті қолданылып жүр.

Көбіне бұл былай көрінеді: «Сіз «Қазақстан-2050» стратегиясын сынайсыз ба?» Демек, сіз біздің мемлекеттің дамуына қарсысыз!». Алайда, сынап тұрған адам стратегияның бір бөлігінің орындалмайтынын, оны қазіргі уақыт талабына сай толықтыру керек екенін дәлелдегісі келген болуы мүмкін. Керісінше, ол мемлекеттік дамығанын қалайды.

Күнделікті өмірде мынандай тіркес жиі кездеседі. Мысалы:

-Мені қорлауды тоқтатыңыз!
-Мүмкін тағы бетіңізден сүю керек шығар?

Ал, міне, классикадан мысал:

-Ағатай, 10 копейка берші деймін саған.
-Мүмкін саған ақша жатқан пәтердің кілтін беру керек шығар?
И. Ильф, Е. Петров. «Двенадцать стульев».

Бұл «жалған дилемма» деп аталады. Оның негізінде де жаңағы айтылған «қажеті жоқ» деген айла жатыр.

Бұл әдісті әртүрлі қылмыскерлер өзін ақтау үшін өте жиі қолданады. Мәселен, «Біз басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін оны (қамаудағы адамды) азаптадық». Басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін заң бұзудың ешқандай да қажеті жоқ. Күдіктінің кінәсін басқа да заңды жолдармен дәлелдеуге болады.

Жарнама да осы әдіс арқылы құрылады. Бір топ қыздың назарын аударатын дезодорант, киімдерді жап-жаңа ететін кір жуатын ұнтақ, иесіне жаппай халықтың ықыласын үйіп-төгін беретін автокөлік non sequitur –«қажеті жоқ» айласы болмаса, онда тауарлардың көбі сатылмас еді.

 Idem per idem «ол да соның көмегімен/сол арқылы» немесе circulus vitiosus – «шарғалаң шеңбер»

Бұл айланың мәні дәлел өзі кіретін тезизке сүйене отырып дәләлденеді. «Олай болуы мүмкін емес, себебі ешқашан бұлай болуы мүмкін емес».

А.П. Чехов, «Письмо к учёному соседу».

Қазіргі уақытта негізінен шенеуніктер өз ойларын дұрыс жеткізе алмай немесе өз ойларын жасыруға талпынып (әлде, мүлде ойланбайды) қателіктерге бой алдырады.

«Біз экологияны жақтаймыз, себебі – біз экология басқармасынанбыз!». «Құқыққорғау органдарының міндеті – құқықтық тәртіпті қорғау» және осылай жалғаса береді.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бұрынғы министрінің «Потому что потому что!» дегені де осыған дәл мысал бола алады.

Ал, ең күлкілісі, тізімде парламентті сол кездегі құрамындағы депутаттар болғандықтан, парламент тізіміне бір партия атынан дауыс беруге шақыруға үгіттеуі.

Fallacia fictae universalitatis – «жалған жалпылама»

Қандай да бір жеке құбылыстар немесе адамдардың (жануарлардың) қандай да бір категориясы туралы білімге сүйене отырып жалпы шешім шығарып жатамыз.

Мұндай қателік кез келген жеккөрушіліктің негізінде жатыр. Ұлтты жеккөруден бастап, мысалы «бұл ұлттың барлық өкілдері ақымақ және дөрекі» «байлардың барлығы – ұры» деген класстық жеккөруге дейін жалғасады.

Тарихтағы ең қатігез саяси режимдер, мәселен Германиялық нацизмнен бастап Камбоджадағы қызыл кхмерлердің режиміне дейін, осы айла-тәсілдің негізінде құрылған еді.

Бұл күнделікті өмірде де кездеседі және әртүрлі қатып-қалған тұжырымдардың пайда болуына алып келеді. Ер адамдар жайлы («еркектердің барлығы осындай»), әйелдер жайлы немесе әртүрлі мамандық иелері турады стереотиптер бар. Бұлардың барлығы – «жалған жалпылама».

Post hoc, ergo propter hoc – «кейін» деген сөз «салдарынан» дегенді білдірмейді

Латын тілінен аударғанда бұл термин  «осыдан кейін, демек осының себептермен» деп аударылады. Бұл себеп-салдарлық байланысты ол мүлде жоқ жерде табу үшін жасалған әрекет. Бір-бірімен ешқандай байланысы болмаса да, оқиғалардың қарапайым бірізділігі де болады.

Мысалы, ежелгі уақытта пайда болған ырымдар туралы да айтуға болады. Мысалы кометаның ұшып өтуі не күннің тұтылуы дүлей апаттың болуымен байланыстырылды. Немесе күнделікті өмірден алынған мынандай ырым бар: жолды кескен қара мысықтан бос шелек ұстаған әйелді кездестіргенше. Бәлкім, баяғыда бұл жағдайлар расымен де жаманшылыққа, бақытсыздыққа ұрындырған болар. Содан, бақытсыздықтың себебін анықтамай жатып, адамдар комета не мысықтан мүлде аулақ жүретін болған.

Дегенмен, қазір «кейін» деген «салдары» деген емес деген қателік әлі де өзекті, саясатта да қит етіп көрініп қалады. Түркменстаннан жеткен мына жаңалыққа қараңыз,  президенттің тікелей тапсырмасымен ақ түстен басқа барлық түсті көліктерге тыйым салынды.  «Радио Свободная Европа» мұны түркменбашының ақ түс бақыт алып келеді деген сенімімен байланыстырды. (https://lenta.ru/news/2018/01/11/net_li_tut_racisma/).

Өмірімізге қатты әсер ететін мұндай қателіктерге біз басқа да кездерде кездесіп жатамыз. Кейде жабайы талпалардың «әрекетін» жасаймыз. Мысалы, олар ұшақ моделін асап оған тәж етеді, себебі қай кездері оларға ұшақтан тамақ тастаған екен.

Шет елдік басқарған компания жеткен жетістіктерді ойымызға алып, кез келген шет ел азаматын кәсіби біліктілігін анықтамай жатып-ақ басшылық қызметке алып жатады. Немесе табысты компаниялардың жұмыс жағдайларын (кофе-машина және ыңғайлы пуфиктер) бет алды көшіріп, жұмыстың нәтижелі болуын күтіп отырады. Ал, қызметкерлердің кәсіби түрде дамуы мен еңбектің өнім болуы үшін жағдай жасау ойға да келмейді. Немесе  ағылшын сөздерін (табысты бизнесмендер мен саясаткерлер туралы кинолардан көрген/естіген) өзінің ана тіліндегі баламасының орнына қолданады. Осылайша, ағылшын тілді әріптестерінің жетістіктерін қайталауға ұмтылады.

Мұның барлығы – «кейін» деген «салдары» деген емес деген логикалық қателікке негізделген «карго-культтың» көрініс табуы.

P.S.

Логика бір орында тұрмайды. Ал қазір логикалық айла-тәсілдің әртүрін түсіндіретін көптеген ғылым-танымық мақалалар бар. Егер сізді тақырып қызықтырса, онда оларды желіден оп-оңай таба аласыз. Олардың барлығы делік біз жоғарыда атап өткен классикалық қателіктердің түрленген нұсқалары, сондай-ақ логика заңдарының бірінің бұзылуынан келіп шығады. Критикалық ойлаудың негізгі құралдарын игердіңіз, мұнымен тоқтамаңыз. Аристотель айтпақшы, барлығына талдау жасаңыз.

Журналист, редактор, преподаватель философии. Возглавлял ряд казахстанских общественно-политических изданий.

Factcheck.kz