Фейк | МӘСҚ 560 000 тг көлемінде жәрдемақы береді

Қазақстандықтар арасында WhatsApp желісі арқылы кезекті хабарлама тарап жатыр. Онда 1991 жылдан 2018 жылға дейін жұмыс істеген азаматтар МӘСҚ-нан (Мемлекеттік Әлеуметтік Сақтандыру Қоры) 560 000 теңге көлемінде жәрдемақы алады делінген.

Үкім: Жалған

МӘСҚ-ның ресми сайтында ақпаратты теріске шығарған материал тұр.

ГФСС
Фейктің скриншоты

МӘСҚ-ның хабарлауынша, міндетті әлеуметтік сақтандыру еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда, яғни:

  • асыраушысынан айырылу
  • жұмысынан айырылу
  • жүктілігіне және босануына байланысты
  • жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты
  • бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда беріледі.

МӘСҚ ресми сайты бұл алаяқтардың ісі екенін айта отырып, азаматтарды тек қана ресми дереккөздерге сенуге шақырады.

 

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz