Фейк қалай пайда болады: #10yearchallenge

Әлеуметтік желілерде таныстарыңыздың он жылдық айырмашылығы бар сурет жүктеп, күлкілі/ностальгиялық/ирониялық мәтін жариялап жатқанын байқаған боларсыз. #10yearchallenge хэштегі арқылы өтсеңіз, суреттерді ғана емес әртүрлі көзқарастағы адамдардың әлдебір оқиғаларды өз мүддесіне пайдаланғысы келетінін байқауға болады. France 24 мұндай фейктердің негізгілеріне тоқталды.

Жаһандық жылыну

Твиттердегі #10yearchallenge ең танымал посттарының бірі мұздардың еріген суреті болды.

Полюстағы мұздардың әдеттегіден жылдамырақ еритіні – факт: Антарктикада мұз 40 жыл бұрынғыға қарағанда қазір 6 есе тез ериді, – делінген Америка Ұлттық ғылым академиясының журналында жарияланған есепте. Дегенмен, посттағы екі суреттің бір-біріне мүлдем қатысы жоқ.

Сол жақтағы сурет 2008 жылы емес, 2016 жылы жасалған. Онда Оңтүстік теңізде орналасқан Гец қайраң мұздығы бейнеленген. Суретті ғалым Джереми Харбек NASA-ның полярлы мұздықтарды зерттеуі кезінде түсірген.

Дереккөз: Earth Observatory, NASA

Оң жақтағы сурет расымен 2018 жылы түсірілген. Бірақ онда бейнеленген Гац мұздығы емес. Фото авторы, климатолог Джулианна Строве суретті Арктикада, яғни Жердің қарсы бетіндегі полюста түсірген.

Дереккөз: National Snow and Ice Data Center

Твиттер қолданушылары оған алданып қалмай, пост авторы Николас Билодоны жалған ақпарат таратты деп айыптады. Билодо «планетаны қорғағысы» келгенін айтып, енді қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын ұйымның қаржысын осыған жұмсайтынын айтты. AFP Factuel фактчек-редакциясына берген сұхбатында Билодо өзінің постын көркем әрекет қана деп  мәлімдеген.

Қызғылт сары өзен

Қоршаған ортада болып жатқан өзгерістер туралы басқа да посттарда айтылған. Әсіресе, 10 жыл ішінде мөлдір өзеннің қалайша ластанып кеткені туралы пост танымал болды.

Постқа Твиттер қолданушысы @hoaxeye фактчек жасады. Оның сөзіне сенсек, өзен қызғылт сары түске уақытша боялған. Оқиға 2015 жылы Колорадо штатының Силвертон қаласында болған:  жергілікті Environmental Protection Agency экологиялық ұйымы қызметкерлерінің қателігінен ақаба су Gold King тастанды кенішінен көршілес Анимас өзеніне түскен. Бірнеше сағаттың ішінде өзен қызғылт сары түске боялды.

Қазір өзен тазаланған, судың түсі бұрынғы қалпына келді.

Бриджит және Эммануэль Макрон

#10yearchallenge арқасында бұрынғы фейктер «оянды». Солардың бірі әлеуметтік желілерде «қыдырып» жүрген мына бір фото: онда Бриджит Макрон мен Эммануэль бейнеленіпті-мыс. Олардың жас айырмашылығын анықтап көрсету үшін екінші фотода Эммануэльдің бала кезі берілген

Фейк қалай пайда болады: #10yearchallenge
Дереккөз: France 24

Бұл суреттің жалған екенін 2018 жылы Checknews журналистері анықтады. Олар суреттің монтаж арқылы жасалғанын, ал кадрлар француз президенті туралы деректі фильмнен алынғанын дәлелдеді.

Дереккөз: France 24,  La Stratégie du météore деректі фильмінен скриншот
Дереккөз: France 24,  La Stratégie du météore деректі фильмінен скриншот

#10yearchallenge секілді кез-келген вирустық дүниелер фейктің таралу көзі екенін есте ұстаған жөн. Сол себепті ұнаған постқа репост жасамас бұрын оның рас-өтірігін анықтап, бөлісу керек пе, ойланып алыңыз.

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz