Фейк | IPhone X таратылатындығы туралы WhatsApp хабарламалары

Қазақстандықтар WhatsApp арқылы қазақстандық және шетелдік ірі компаниялар таратқан тегін сыйлықтар туралы хабарламаларды жиі ала бастады. Мұндай ақпарат биылғы жылдың басынан бері таратылуда.  

Factcheck.kz бірнеше «жаңа» фейк ақпаратты анықтады. Біз оқырмандарды осы мақалада қолданылған сервистерге назар аударуды және мессенджерге келген хабарларламаларды тексеру үшін пайдалануды сұраймыз.

1. KFC тегін Баскет Дуэтке купон таратуда

Үкім  жалған

Хабарламада көрсетілген сілтемені whois.com домендік атауларды тексеру сервисі арқылы тексеріп, сайт ресми емес екендігін, сонымен қатар, ол Барнаулдағы Виталийдің атына тіркелгенін анықтадық.

Сайттың өзі, негізінде, Нидерландыда орналасқан, оны PR-CY сервисі арқылы оңай тауып алуға болады.

Сондай-ақ, сайт “Google-де” немесе «Яндекс-те» индекстелмеген және сайт әлеуметтік желілермен байланыстырылмаған, бұл үлкен компанияның жарнамалық сайты үшін мүмкін емес жайт екені белгілі.

Бұдан басқа, «KFC Kazakhstan» 7-ші сәуірде компанияның «Вконтакте» парақшасында бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарған болатын. Бұл туралы мәлімдемеден үзінді келтіреміз:

«Достар, біздің брендімізді қолдану арқылы алаяқтық жасаудың тағы бір куәсі болдық. Ғаламторда KFC өнімдеріне арналған купон алуға мүмкіндігі бар күдікті сайтқа сілтеме жасайды. Біз мұндай акцияны өткізбейтініміз туралы хабарлаймыз. Сондықтан абай болыңыздар және күдікті сілтемелерге өтпеңіздер. Қазақстандағы KFC-дің барлық акциялары туралы ақпарат біздің әлеуметтік парақшаларымызда және http://www.kfc-kazakhstan.kz ресми сайтында жарияланады».

2. «Технодом» компаниясының 86 999,9 теңгеге ваучер беретіндігі туралы хабарлама

Үкім жалған

Бұл хатты жасаушылар Барнаулдағы Виталийге қарағанда сағырақ болды. Ол(ар) хаттағы домендік адресті американдық Namecheap.com атты домен тіркеуші сервисте тіркеген. Сондықтан да болар, домен иесі белгісіз. Тек доменнің 2018 жылдың сәуір айында, яғни, осы сияқты фейк хабарламалар қаптап кеткен кезде тіркелінгені ғана анықталды.

Бұдан басқа, «Технодом» компаниясының баспасөз қызметі бұл ақпараттың спам екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін бірнеше рет хабарлаған болатын. Технодомның ресми парақшаларында осы сынды акциялардың аталмыш акцияларды жоққа шығаратын мәлімдемелер жарияланды. «Технодом» компаниясының PR-маманы Айнұр Аралбаева:

«Бұл спам. Сонымен қатар, сілтеме вирустық болып табылады. Оны ашуға болмайды, себебі ол сіздің смартфоныңызға немесе компьютеріңізге зиян тигізуі мүмкін. Осындай хабарламарға адамдар сеніп қалмауы үшін біз керекті шараларды қабылдаймыз және бұл туралы әлеуметтік желілерде жазамыз. Барлық белсенді акцияларды компанияның ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде табуға болады. Бізде бұл акция жоқ».

Назар аударыңыз, бұл «Технодом» аты ілінген жалғыз хабарлама емес. Келесі хабарлама тізімінде «Технодом» компаниясы Iphone X телефонын таратып жатқаны туралы екінші хат бар.

3. Астананың 20 жылдығына орай Iphone X таратылуда

Үкім жалған

Хатта көрсетілген сілтеме ресми болып көрінсе де, ақпараттың фейк екендігі анықталды. Домен ALIBABA.COM E-COMMERCE PRIVATE LIMITED SINGAPORE офшорлық компания атына тіркелген, алайда, доменнің орналасқан жері Мәскеу облысы екендігі оның бар не жоғына үлкен күмән келтіреді. Сайтбиылғы жылдың 7 маусымында пайда болған.  Бұл кезде тегін сыйлықтар тарату туралы фейк хабарламалардың саны қайтадан күрт өскен еді.

Сілтемеге кірген соң ондағы контент ресми сайттағы деректерге ұқсас екенін аңғарамыз, әсіресе сайтты мобильді құрылғыдан ашатындар суреттің төмен сапалы екендігін байқамай қалуы, бұның фейк екендігін ажырата алмауы әбден мүмкін. Жоғарыдағы сайтқа кірген сәтте, сайт сізден қысқаша сауалнамадан өтуді сұрайды, содан соң жүлдені алу үшін 30 адамға сілтеме жіберуді талап етеді. Осындай хабарламаны жіберген кезде сіздің жеке мәліметтеріңіз жинақталады да, сіздің контактілер тізіміңізден телефон нөмірлер алынады.   

Компанияның баспасөз қызметі бұл хабарламаны да ресми түрде жоққа шығарды:

«Бұл соңғы хабарламаға ұқсас алаяқтық. Біз бұл туралы әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызда жарияладық. Компанияның әлеуметтік желілерінде тек ресми топтары мен сайтта жарияланған ақпаратқа сенуді және таратуды өтінеміз», – 

 

деді «Технодом» компаниясының PR-маманы Айнұр Аралбаева.  Компанияның баспасөз қызметі мамандары хаттардың авторларын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айтты.

4. «Adidas» мерейтойының құрметіне 3000 тегін кроссовка таратады

Үкім жалған

Хатта көрсетілген сілтеме Adidas-тың ресми сайты емес. Сайт анонимді домен тіркеуші сервис арқылы 2018 жылдың 25 мамырында тіркелінген. Біз сайтты whois.com сервисі арқылы тексердік, нәтижесінде сайт фейк болып шықты.

Factcheck.kz редакциясы алаяқтық пен фишингке қатысты ақпаратты тексеруді жалғастыруда. Ескерту: хабарламада көрсетілген сілтемені басу смартфонға және/немесе компьютерге зиян келтіруі мүмкін болғандықтан, мұндай фейк хаттарға назар аудармауға және оқымауға кеңес береміз. Біз қолданған сервистерді пайдаланып, күмәнді және фейк болуы мүмкін деген хаттарды тексеріңіз және әдіснаманы оқып, біліп жүріңіз. 

 

 

Алима Пардашева
Журналист factcheck.kz