Фактчекинг: ескі мәселелер мен жаңа қиындықтар 

Сенімнің жоғалуы, сыңаржақтық, ақпараттың тексерілуін автоматтандыру – Poynter Institute Washington Post  басылымына сілтеме жасап, фактчекерлер қауымдастығының жеңістері мен олардың жолында пайда болған жаңа қиындықтар туралы жазады.        

Төрт жыл бұрын Лондондағы колледждердің біріндегі кішкiнтай ғана залда отыз шақты фактчекер жиналып, өздері секілді белсенді азаматтардың басын біріктіруге талап шылды. Осы жиналыстан соң қазір Poynter Institute жанындағы әлемдік фактчекерлер қауымдастығы пайда болды.

Дьюк университетінің дерегінше, қазір 53 елде 146 фактчек-жобасы жұмыс істейді. Олардың саны ұдайы артып та келеді – соңғы бірнеше айда Панамада фактчекингімен айналысатын екі ұйым ашылған.

Facebook әлеуметтік желідегі фейк жаңалықтармен күресуге көмектесу үшін 14 елдегі 24 фактчекинг ұйымын жұмысқа тартты. Бразилия, Италия, Испания мен Еуропа одағының саясаткерлері мен танымал тұлғалары дезинформацияға қарсы тұрудың жолдарын сұрап, фактчекер мамандарға жиі жүгіне бастады. Google-дағы тексерілген ақпарат та енді ерекшеленіп тұрады. Bing іздеу жүйесі фактчекингіге қатысты соңғы жаңалықтар жарияланып тұратын арнаулы бет ашты.

Фактчекинг материалға сыңаржақ, біржақты қарауға тыйым салатын жанр болса да, фактчекерлерге көбіне осындай кінә тағып жатады.

“Басымызға бұлт төніп тұр. Талай бұқаралық ақпарат құралына білдіріліп келе жатқан күмән мен наразылық фактчекерлерге жетті. Түркия, Филиппин, әсіресе Бразилияда фактчекерлерді қаралау – келісілген кампаниялардың әдеттегі әрекетіне айналды, – дейді IFCN (International Fact-Сhecking Network) директоры Алексиос Мантзарлис.

Қазіргі аxуал мен ескі мәселе

Екі жыл бұрын Буэнос-Айреста кездескен фактчекерлер қозғалыс принципінің кодексін жасаған. Онда саяси бейтарап болу, қажет ақпаратты ашық дереккөздерден іздеу мен өздерінің қаржы көзін ашық айту, сауатты редакциялауға қатысты ережелер жазылған. Facebook “жыл сайын қызметі кодекске сай деп бағаланған фактчекинг компанияларымен ғана жұмыс істейтінін” айтқан соң бұл кодекстің салмағы арта түсті. Еуропа комиссиясының дезинформация жайлы есебінде IFCN кодексі үлгі тұтуға тұрарлық құжат ретінде көрсетілген. Есепте “шебер, тәуелсіз фактчекерлердің ұдайы байланысып тұруы – мықты цифрлық экожүйенің басты және маңызды талабы” деп жазылған.

Ықпалының артып келе жатқанына қарамастан, біраз елдің фактчекерлері шектеулі ресурспен жұмыс істеп отыр. Алексиос Мантзарлистің сөзінше, IFCN ұйымына мүше 42 ұйымның 2017 жылы конференцияға келген 26-сының жылдық бюджеті 100 мың доллардан аспаған.

Дезинформация және сыңаржақтық

Фактчекерлерге “біржақтысыңдар” деп айтылатын сынның да жаны бар. Себебі олар не тексеретінін өздері шешкендіктен, “сыңаржақтық” кездесіп тұрады. Мұндай жағдай АҚШ-та президент сайлауы өтердің алдында Туиттерде деинформация ақпарат көбейіп кеткен уақытта, Конгресте республикашылар саны артып тұрған шақта өршіп кетті. Барак Обама президенттік қызметінен кеткен соң демократтар мәлімдемесі салыстырмалы түрде аз тексеріле бастады да, дисбаланс туындады.

Бұл мәселені қалай шешуге болады?

  • Былтыр PolitiFact репортерлер мен редакторларды Трамптың үш штатынаАлабама, Шығыс Вирджиния және Оклахомаға жіберді. Олар фактчекерлер сынай қарайтын 54 жергілікті мекемені “тексеріп” қайтты.
  • Франциядағы Liberation газетінің фактчекерлері өздерін сыңаржақ деп айыптайтындарға реакция білдіріп, форматын өзгертті де, CheckNews.fr жобасына көшті. Бұл ұйым тек қана оқырман сұрағына жауап берумен айналысады. Барлық жауап, тіпті жауабы дайын емес сауалдар да сайтқа шығып тұрады.
  • 2017 жылдың қыркүйегінен бастап 8 адамнан тұратын CheckNews командасы өздеріне келіп түскен 8000 сұрақтың 1600-іне жауап берген. CheckNews командасының мүшесі Полина Муллот жобаларын “әлемдегі ең баяу іздеу жүйесі” деп әзілдеп, бір сұраққа жауап беруге 6 ай уақыт кететінін айтқан. Бірақ бұл форматтың сәтті шыққаны соншалық – қазір CheckNews IFCN қауымдастығымен жұмыс істейді. Олар осы концепцияны әлемде танымал етіп, кез келген фактіні тексерудің дүниежүзілік базасын құруға күш салып жүр. Мұндай формат жуырда президент сайлауы өткен Тунисте қолданылды.

Технологиялық шешім: автоматизация

Фактчекерлер түрлі мәлімдемелердің рас-өтірігін тексеруді автоматтандыру жолында біраз нәрсеге қол жеткізді. Автоматтандырудың мақсаты – жылдамдық. Мәселен, саясаткерлер сөзін лезде тексере алу.

  • Аргентинада Chequeado фактчекерлері елдегі 30 басылымның мәтінін автоматты түрде сканерлеп, саясаткерлердің тұжырымын анықтайтын Chequeabot атты бот жасап шықты.
  • Біріккен Корольдікте Full Fact жобасы Би-Би-Си мен парламенттегі пікірсайыс стенограммасын бақылап отырып, тексеруге болатын тұжырымдарды анықтайды.
  • Бразилияда Aos Fatos жобасы Facebook мессенджерінде оқырманның түрлі сыбыс пен тұжырымдарға қатысты сауалдарына жауап беретін “Фатима” есімді бот жасап шықты. Алдағы президенттік сайлауға дейін бастама Туиттерге арналып та жасалады деп жоспарланған.
  • АҚШ-та Duke Reporters’ Lab өздерінің Tech & Check Cooperative жобасы арқылы PolitiFact, FactCheck.org және The Washington Post Fact Checker-де CNN бардарламаларын, Twitter парақшасын, NBC-тегі “Басылыммен бетпе-бет” бағдарламасына коипьютермен мониторинг жасай отырып, тексеруді қажет ететін тұжырымдар тізімін жариялайды. Бұған қоса Duke АҚШ-тағы фактчекинг ұйымдарының материалдарындағы ең маңызды үш фактіні анықтап отыратын FactStream қосымшасын жасап шықты.

Тиімді тәсіл: видео

Әлеуметтік желіде дезинформацияның таралуы фактчекерлердің мойнына артылған жүкті ауырлата түсті. Фактчекерлер оқуға аса бейіл емес оқырмандарды тарту үшін материалдарында видеоны жиі қолдана бастады. Мәселен, WDR German Public Television’s Wahlwatch әлеуметтік желіге арналған видеороликтер ғана жасаумен айналысады. Материалдардың бірі таралып кеткені сонша – Германия канцлері Ангела Меркель қате жасаған мәлімдемесін түзетіп, қайта сөз сөйлеуге мәжбүр болды.

Фактчек пен әлеуметтік желілер

Facebook-тің өнімдер бойынша директоры Тесса Лионс фактчекерлермен серіктес болу арқылы не үйренгенін айтты:

  • Facebook әлеуметтік желіде таралатын жалған ақараттарды азайту жолында жұмыс істеп жатыр. Мәселен, компания бұрындары өшіріліп, кейін қайта тарала бастаған фейк мақалаларды анықтауға көмектесетін жасанды интеллектіні пайдалана бастады.
  • Жалған ақпаратпен бөліседі деген парақшаларды болжап, анықтауға жасанды интеллектіні пайдалану жоспарланып отыр.
  • Төрт елде – Франция, Ирландия, Мексика мен Үндістанда Facebook фактчеуерлерге мақала контексіне сай келмейтін суреттер мен видеоны анықтауға көмектесетін тест алгортмін жасауға мүмкіндік берді.

Дегенмен көп елде, оның ішінде Қазақстанда жалған ақпараттың көбі WhatsApp-та тарайды. Компания азаматтардың топ және жеке чаттарын тексермейтіндіктен, дезинфорациямен күресу қиын боп тұр. Үндістанда бірнеше адам фейк xабарламаның құрбаны болды. Алайда фейкпен күресу жолындағы нақты қадам жасалды – енді қайта жіберілген xаттың қайдан тарай бастағанын анықтауға болады.

 

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz