Фактчек | Теңге курсы рубльге тәуелді ме?

Тамыздың 23-інде Ұлттық банк Ресей рублінің курсын ұдайы бақылауында ұстамайтынын хабарлады. Теңгенің рубльге тәуелді-тәуелді емесі – әлеуметтік желіде қызу талқыланатын тақырыптың бірі. Талқы әсіресе теңге курсы күрт құбылғанда күшейе түседі. Тақырыптың соңғы уақытта саяси сипат алғаны айтпаса да белгілі. Алайда тәуелділіктің нақты қай сипатта екені түсініксіз. Бұл таргетинг пе, әлде нарықтың белгілі бір оқиға мен экономикаға реакциясы ма? Біз теңге мен рубль құнының арасында нендей байланыс барын зерттеп көруге бекіндік.

Зависимость тенге от рубля

Үкім: Жартылай шындық

Шынында рубль курсы теңгеге әсер етеді (Ұлттық банктің таргеттеуінсіз-ақ), алайда ықпалдың басқа да – сыртқы және ішкі факторлары бар.

Сыртқы сауда факторы: контекст

Екеуара ықпал етуді тексерудің ең қарапайым әрі сенімді жолы – мемлекеттер арасында сауда қатынасына үңілу.

Зависит ли тенге от рубляRu-Stat.com ресурсының дерегінше, 2018 жылдың маусымында Ресейден Қазақстанға экспорт – 1 030 493 357,35 доллар болса, Қазақстаннан импорт құны 473 473 839, 58 долларға жеткен. Мұнда және мына сілтемеге өтіп, Қазақстанның Ресейден қандай тауар алып, онда нендей тауарлар жіберетінін көріп шығуға болады.

Рубль и тенгеҚазақстан ұлттық экономика министрлігі құрамына кіретін Статистика комитеті екі ел арасында сауда қатынасы жайлы деректері мынадай: 2018 жылдың наурызында экспорт көлемі – 5 008 300 000 USD, импорт — 2 720 000 000 USD болған. Ресеймен наурыздағы сауда қатынасын мына сілтемеден толық көруге болады.

Ресейден Қазақстанға экспорт — 1 092 442 793,81 USD, Қазақстаннан Ресейге импорт — 453 689 166, 25 USD. Осылайша, Қазақстанға тауар әкелетін елдер арасында Ресейдің үлесі биылғы наурызда 40,16 пайыз (2 720 000 000 ішіндегі 1 092 442 793,81) болса, экспорттағы көлемі — 9% (5 008 300 000-дің 453 689 166,25-і) болған.

Қазақстан саудаласатын елдердің кестесінде де бұл анық көрінеді.

Рубль и тенге

Экспорт көлемі бойынша көшбасшылар – Италия, Нидерланд, Ресей, Франция мен Қытай. Ал импорт бойынша – Ресей, Қытай, АҚШ, Германия және Италия. Қосымша ақпарат ретінде айта кетейік, Қазақстан экспорттайын тауарлардың жалпы көлемінде шикізат үлесі 73 пайыздан асады. 

Нақты мысал

Рубль курсының теңге мен долларға шаққандағы құны төмендегенде не болатынын біз жақсы білеміз. 2014 жылдың соңы мен 2015 жылдың басында қазақстандықтар жаппай машина, техника мен жылжымайтын мүлік, тіпті азық-түлік алуға Ресейге жол жүріп кетуді жиілетті.

Теңге мен рубль құны шамамен теңескенде жағдай өзгеріп сала берді. Бұл теңгенің рубльден “қымбатырақ” болуы Қазақстанның қаржы саласы мен экономикасына тиімсіз екенін көрсетті – мұндай жағдайда қаржы Ресейге жылыстап кетеді.

Теңгенің рубльге тәуелді екенін көрсететін өзге де мысалдар бар. Мәселен, біздің сыртқы экономикалық байланыс. Айтпақшы, 2015 жылдың тамызында теңгені еркін айналымға жібергенде 2014 жылы Ресейден жаппай көлік сатып әкелгендер тауарының құны долларға шаққанда біршама түскенін байқады.

Экспорттаушылар мүддесі деген факторды да ескеру керек. Теңгенің құнсыздануы қазақстандық экспортерлерге тиімді екенін мұнда да, мына жақта да жаздық. Италия мен Нидерланд, Ресей мен Қытай – Қазақстаннан ең көп шикізатты сатып алатын мемлекеттер. 

Сыртқы сауда әсері: сарапшы пікірі

Экономист, қаржыгер Расул Рысмамбетовтің пікірі (Financial Freedom) мынадай:

“Биліктің айтуынша, Қазақстанға келетін импорттың 40 пайызы – Ресейден. Импорттың бір бөлігі доллармен, бір бөлігі рубльмен төленеді. Сондықтан Ресейдің экономикалық саясаты, оған салынған санкциялар мен рубль курсы теңгеге тікелей әсер етеді. Ресей Қазақстанға өсімдік майларын (мәселен, РФ Малайзиядан сатып алатын пальма майын), Қазақстанның өзі толықтай қамти алмайтын жанар-жағармай материалдары, бізде жасалмайтын дәрі-дәрмек түрлерін және бірнеше ықтимал құпия келісім мен арада одақтастық болған соң қару-жарақ сатады. Мына жерде, мұнда және мына сілтемеде екі ел арасындағы сауда-саттықтың былтырғы көрсеткіштері бар.

Сондықтан “рубль теңге курсына әсер етпейді” деген тұжырым макроэкономикалық тұрғыдан қате.

Көрші елдердің теңге курсына әсері – объективті факт. Алайда шектен тыс әсер ету, міне, қауіпті нәрсе – осы. Қаржы саласында портфельді басқару теориясы деген бар. Оған сәйкес, кез келген активтің ортақ нәтижеге әсері 10-12 пайыздан асса, бұл қауіпті болып саналады. Тіпті Ресейдің орнында ҚХР, тіпті АҚШ я Бурунди болса да, бір елден келетін 40 пайыздық импортқа тәуелді болу – қауіпті. Сондықтан экспортты ғана емес, импортты да әртараптандыру көзделеді. Ұлттық экономикадағы тәуекелді корпоративті басқару қағидаларын қолданған соң ғана экономиканы, әсіресе өндірісті әртараптандыруға болады.

Бюджет пен Ұлттық банк факторы

Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов Bestnews.kz порталына берген сұxбатында теңгенің құнсыздануына мұнай бағасының төмендеуі сияқты факторлардың әсері жоқ. Шынында да, мұнайдың бағасы қазір тек өсіп жатыр.

Фактчек | Теңге курсы рубльге тәуелді ме?

Cпикер сұxбатта мынадай ой айтады:

“Бәлкім жағдайды бюджет, Ұлттық қор мен басқа да біраз мәселе ушықтырған. Президент жуырда ғана Ұлттық қор қаржысын жаратуды азайту туралы тапсырма берген. Сондай-ақ биыл және келер жылдары бюджетке аударылатын қаржы көлемін азайту көзделген. Биыл – 2,6 трлн, келер жылы – 2,3 трлн, сосын 2 трлн теңгеге түсіру жоспарланған. Бұл былтырғы сомадан – 3 трлн теңгеден әлдеқайда аз. Сондықтан Ұлттық қордан ақша алуды азайтуды да көздеген, бюджеттің толуын да қамтамасыз етуі тиіс үкіметтің қаржы блогына қазір оңай тиіп жатқан жоқ. Меніңше, теңгенің құнсыздануы осыған байланысты. Себебі, Ұлттық қор активтерінің көп бөлігі – валюта активтері. Ол активтердің көбі шетелде…”

Оның ойы экономикалық теорияға сай келеді. Бұған дейінгі материалдардың бірінде былай жазып едік:

“Шикізат өндірісіне зәру елдердегі девальвация мен экономикасы тауар өндірісіне,  шетелге өнім шығаруға бағытталған елдердегі девальвацияның себептері әр түрлі. Алғашқысында – бюджетті толтыру, екіншісінде – отандық тауар өндірушілерді қолдау”. (С.В. Якунин мен И.И. Андроновтың “Валюта девальвациясының теориясы мен практикасы” мақаласынан.) 

Курс “әділдігі” факторы

Мәселен, Ұлттық банк курсқа мүлдем әсер етпейді және теңге долларға да, басқа кез келген валютаға да қатысты еркін айналымда десек, қазіргі курс теңгенің қаншалықты сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Алайда мұнда (негізі 2016 жылы айтылған сөз) FIBO Group-тың инвестиция жөніндегі кеңесшісі Евгений Слесарев мұнай бағасы, доллар мен юань құны сияқты ұлттық валютаға әсер ететін сыртқы факторларды атап, теңгенің “әділетті курсы” деген ұғым енді жоқ» деген.

factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz