Фактчек | Тедди ойыншықтары балалардың қабіріне қойыла ма?

Қазақстандықтар арасында WhatsApp желісі арқылы кезекті хабарлама тарап жатыр. Онда раушан гүлінен жасалған қонжық ойыншықтар Қытайда қайтыс болған балалардың қабіріне қояды делінген.

Фактчек | Тедди ойыншықтары балалардың қабіріне қойыла ма?
WhatsApp-тан скрин

Сыйлықтарды сатумен айналысатын инстаграм аккаунттардан осы тәрізді пікірлерді көруге болады.

Factcheck.kz редакциясы тараған ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

Үкім: Жалған

Біріншіден, бұл қонжықтың лентасындағы «Happy everyday» сөзі  «Мәңгілік бақыт» немесе «Мәңгілік тыныштық» деп емес «Күн сайынғы бақыт» немесе«Күнделікті бақыт» деп аударылады.

Фактчек | Тедди ойыншықтары балалардың қабіріне қойыла ма?
translate.ru сөздігінен скрин

Енді google-аудармашы арқылы «траурные мишки» сөзін қытай тіліне аударып іздегенімізде де бұл сыйлыққа қатысты мәлімет, ұқсас қонжық түрін таппадық.

Дәл сол Google жүйесі арқылы ағылшын тілінде «teddy rose» деп іздеп көрдік. Шетелдіктердің осы қонжықпен түскен суреттерді көруге болады. Бірақ олардың ешқайсысында салтқа қатысты ештеңе айтылмаған. Ойыншықты тек балаларға ғана емес, ғашықтар арасында, мерейтойларда, отбасылық кәдесый ретінде де жиі сыйланады.

Ресейлік блоггер дәл осындай сыйлықтарды шығаратын қытайдың кәсіпкер азаматымен сұхбаттасқан. Кәсіпкердің айтуынша, бұл қонжықтардың шыққанына шамамен 5 жылдың көлемі болған.

Қытайда жерлеу рәсімі қалай өтеді?

Қытайдағы жерлеу рәсімдері біздікінен өзгеше, бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан. Олар мәйітті өртеп, күлін суға шашады. Жерлеу рәсіміне қатысуға болатын жануарлар қытай күнтізбесіне негізделеді және аю ол тізімде жоқ. Қайғы, мұңды білдіретін иероглифтердің орнында ағылшын тілінде «Happy everyday» деп жазылып тұруы ойға қонымсыз және қытайларда қайғылы түс ақ болып есептеледі. Жерлеуге қызыл түсті киім киіп келуге тыйым салынады, себебі қызыл түс өмірдің символы. Яғни қара лентасы бар түрлі-түсті қонжықтардың оларға ешқандай қатысы жоқ. Бұдан өзге қытайлар зират басына көбіне тамақ, сусын немесе шарап қояды.

Factcheck.kz