Фактчек | Сағынтаев: Қазақстан экономикасының өсу темпі әлемдік орта деңгейден жоғары

21 қарашада Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев  Қазақстан-Сингапур бизнес-форумында “Қазақстан экономикасының өсу қарқыны әлемдік орта көрсеткіштен жоғары және өсімнің жартысынан көбі шикізат емес сектор есебінен” деп мәлімдеген.

Сагинтаев

Мәлімдеме: Қазақстан экономикасының өсу темпі әлемдік орташа шамадан жоғары

Үкім: Шындық және манипуляция

Таяуда біз экономиканың өсу деңгейінің әлемдік орта көрсеткіші жайлы, ел экономикаларының өсуін әлемдік деңгеймен салыстыру мәні контекске қарай өзгеретінін жаздық.

Шынында да, әлем бойынша жалпы ішкі өнім өсуінің орта шамасы – 3,5 пайыз. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Қазақстан статистика комитетінің дерегінше, Қазақстан экономикасы былтыр 4 пайызға өскен. Алайда көзге бірден көрінбейтін детальдарды елемей кетуге болмайды.

ХВҚ-ның әлемдік экономика келешегі жайлы жазылып, қазанда жарияланған есебіне тоқталайық.

Сагинтаев

Сары сызық – әлем экономикасы өсуінің орта шамасы, көк – Қазақстан сияқты дамушы нарықтар экономикасының өсу  темпі, қызыл – дамыған елдер экономикасының дамуы.

Есептің ағылшын тіліндегі толық мәтіні мұнда, орыс тіліндегі қысқаша дерек мына сілтемеде.

Есепте “былтыр дамыған елдердің жалпы ішкі өнімі – 2,3 пайызға, дамушы елдердікі – 4,5-4,7 пайызға, ТМД елдерінікі – 2,1 пайызға, Еуропаның дамыған елдерінікі 6 пайызға өскен. Экономикасы тоқырап тұрған Латын Америкасы мен Кариб бассейні маңындағы елдердің жалпф өнімі 1,3 пайызға артқан” деп жазылған.

Сагинтаев

Осылайша, біздің экономиканың даму қарқыны әлемдік орташа өсімнен біршама жоғары. Тіпті экономикасы дамыған елдердің көрсеткішінен де жоғары.

Мәлімдеме: Өсімнің жартысынан көбі шикізат емес сектор есебінен

Үкім: Шындық

Расымен, экономика өсімін қамтамасыз етіп отырған шикізат секторы ғана емес. Біздің есебімізше, “тау-кен өндірісі мен карьерлерді өңдеу” секторының жалпы ішкі өнімнің 4,1 пайыздық “өсіміне” қосқан үлесі ¼-ден аз.

2017 жылғы қаңтар-маусым мен биылғы қаңтар-маусым аралығында жалпы ішкі өнім өсімін салыстырып көрейік. Әрбір сала бойынша статистикалық деректерді Статистика комитетінің сайтындағы “Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы” бағанынан таба аласыз.

Жекелеген салалардың жалпы ішкі өнімге қосатын үлесі. 2017 жыл.

Сагинтаев

Тап сондай, бірақ биылғы дерек.

Сагинтаев

Тау-кен өндірісінің жалпы ішкі өнімге қосатын үлесін былай есептейміз.  ЖІӨ-нің былтырғы физикалық көлем индексінен (ФКИ) биылғы шаманың 100 пайызын алып тастаймыз да, ФКИ-дің қалай өскенін табамыз. Шыққан санды былтырғы жекеленген құрылымдық көрсеткішке көбейтеміз де, 100 пайызға бөлеміз.

(105,5%-100%)*15/100= 0,825

Есептеу моделі мына сілтемеде.

Осылайша, жалпы ішкі өнімнің 4,1 пайыздық өсіміне тау-кен өндірісінің әсері 0,825 пайыз болып шығады. 2018 жылы бұл сектордың өсімге қосқан үлесі де былтырғы шамамен салыстырғанда азайған.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz