Фактчек | Полицейлер ереже бұзған көлікті соғуға құқылы ма?

WhatsApp қолданушылары КТК арнасы әзірлеген сюжетті бір-бірімен шоши бөлісіп жатыр. Әлгі видеода КТК журналисі Қазақстан полицейлерінің қылмыспен күресуде құзыреті көбейді. Енді олар ереже бұзған көлікті соғып кете алады. Пәрменге құлақ аспағандарды тоқтату үшін брондалған көлікті пайдалануға да болады” дейді.

Мессенджер қолданушылары арасында таралып жатқан xабарламада “Тағылмаған белдік пен қызылға өткендерді де соғып өту керек. Әйтпесе YouTube қызықсыз боп кетті…” деп жазылған.

Үкім: Шындық

Полицейлер шынында да жол ережесін бұзған автомобильдерді соға алады. Алайда бұл туралы – полицейлер құзыреті көбейгені жайлы “жаңалық” ескі ақпарат.

Автомобильді соғып кету құқығы полицейлерге үш жыл бұрын берілген.

“Құқық қорғау органдары мен олардың қызметін жетілдіру бойынша кейбір заңнамалар актілерге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы” заң 2015 жылдың қарашасында күшіне енген. Осы заң бойынша тап сол кезде “Құқық қорғау қызметі туралы” заңның 60-бабына 8-тармақ енгізілді. Әлгі тармақта “ереже бұзған адам тоқтатудың заңды амалдарына құлақ аспаған жағдайда полицейлердің жүргізуші көлігін соғып тоқтатуына болады” деп жазылған.

Бұған қоса, 2017 жылдың желтоқсанында Tengrinews.kz порталы мас жүргізушінің көлігін өздеріне берілген құқық бойынша полицейлер соғып тоқтатқан апатты жағдай туралы жазған.

Полиция департаменті таратқан xабарламада “Теплов және Сатпаев көшелерінің қиылысында құрамында сержант Нұрбек Үндерме және Руслан Зейноллинов бар 631 автопатрулі іздеу жарияланған көліктің жүйіткіп кетіп бара жатқанын көрген соң жүргізушіні мәжбүрлі түрде тоқтатуға бекінеді. Көлік полиция машинасымен соқтығысқан соң ғана тоқтады” деп жазылған.

Полиция ақпаратынша, 27 жастағы азаматқа бірден екі бап бойынша – “Айдап әкету” және “Көлік жүргізу куәлігінен айырылған азаматтың мас күйде рөлге отыруы” бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ, өзі айдап әкеткен көлік пен полиция машинасының зақымданғаны үшін моральдық шығын өндіріп беруге міндеттелген.

Бір қызығы, Tengrinews.kz оқырмандарының көбі полицияның бұл әрекетін жақтап, мақтап пікір қалдырған.

Комментаторлардың бірі “Жарайсыңдар! Өз өмірлерін қатерге тігіп, басқаны аман алып қалған шығар” деп жазады.
Және бірі «Жарайсыңдар! Мына маскүнемді тоқтатпағанда адамды, машинаны, автобусты я үйді соғып кетер ме еді?! Бәрі мүмкін еді” дейді.

Жаңаша берілген ескі “жаңалық”

Бұл апаттан соң бірнеше қазақстандық БАҚ үш жыл бұрын енгізілген заң тармағын жаңа бекітілген заң жобасы сияқты ақпарат таратты.

Мәселен, Times kz интернет-порталы

Фактчек | Полицейлер ереже бұзған көлікті соғуға құқылы ма?
Times kz сайтының скрині.

Матрица.Kz” порталы

Фактчек | Полицейлер ереже бұзған көлікті соғуға құқылы ма?
matritca.kz сайтынан скриншот.

Кокшетау Азия” ақпарат агенттігі.

Фактчек | Полицейлер ереже бұзған көлікті соғуға құқылы ма?
kokshetau.asia сайтынан скриншот.

Тіпті “Уральская неделя” сайты да осындай жаңалық берді:

Фактчек | Полицейлер ереже бұзған көлікті соғуға құқылы ма?
”Уральская неделя” сайтынан скриншот.

 

 

Factcheck.kz