Фактчек | Отандық жеңіл өнеркәсіп ішкі нарықтағы сұраныстың 10 пайызын да қамтымайды

Қаңтардың 4-інде Tengrinews порталы бір тұсында “отандық жеңіл өнеркәсіптің ішкі нарықтағы сұранысты қамтуы 10 пайызға да жетпейді” деп  жазылған материал жариялады. Мұндай ақпарат Қазақстан жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының сайтында да бар.

Үкім: Жалған

Тауарлар құны жағынан алғанда отандық жеңіл өнеркәсіп орындарының ішкі сұранысты қамтуы 3 пайыздан аспайды.

2018 жылдың жаңа деректерін Статистика комитеті әлі жарияламағандықтан, ішкі нарықтағы отандық жеңіл өнеркәсіп үлесі қандай екенін анықтау үшін 2017 жылғы деректерге жүгінеміз.

Ол үшін Қазақстан Республикасының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері құжатын ашамыз. Оған сәйкес, 2017 жылы елдегі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жалпы құны 98090 миллион теңге болатын тауар шығарған.

Енді жеңіл өнеркәсіп тауарларын халықтың тұтыну деңгейіне қараймыз. Ол үшін “Жекеленген тауарлар бойынша бөлшек сауда көлемі” деген құжатқа кіреміз. Бұл құрылымға жеңіл өнеркәсіптегі үш компонент кіреді: тоқыма өнімдерін шығару (Қазақстан бойынша 51 пайыз, 2018 жылғы дерек), киім өндірісі – 38 пайыз, былғары және былғарыдан жасалған өнімдер – 11 пайыз. Нарыққа шығарылған өнімдер ішінде төрт тауар атауы бар:

Лёгкая промышленность

Лёгкая промышленность

Тоқыма өнімдері — 75302,5 млн теңге
Киім — 776951,4 млн теңге
Аяқ-киім – 236991,9 млн теңге
Былғарыдан жасалған тауарлар мен жолға қажетті бұйымдар — 29508,1 млн теңге. Жалпы, 2017 жылы жеңіл өнеркәсіпте шыққан тауарлар құны 1118753,9 млн теңге болған.

Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіптегі экспортталған тауар көлеміне де мән беру керек. Көрсеткіштер мұнда. 2017 жылы экспортталған тоқыма және тоқыма өнімдерінің жалпы көлемі – 213 млн доллар, аяқ киім, бас киім және галантерея тауарларының экспорты — 8,7 млн доллар болған. Жалпы алғанда — 221,8 млн доллар немесе 74005,788 млн теңге (сол кездегі 1 доллар – 333,66 теңге курсымен).

Жалпы өндірілген тауар көлемінен экспортты алып тастаймыз – 98090 млн — 74005,788 млн = 24084,212 млн теңге. Енді шыққан санды (ішкі нарықта қалған отандық өнеркәсіптер тауары) мен жалпы тұтынылатын тауарлар көлемін салыстырсақ, айырма 1118753,9 млн теңге болып шығады.

Формула: (24084,212×100%) : 1118753,9 = 2,15%

Демек, 2017 жылы ішкі нарыққа шыққан жеңіл өнеркәсіп тауарларының үлесі – 2,15 пайыз.

Анықтама:

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында экспортталған, импортталған жеңіл өнеркәсіп тауарларының көлемі біршама азайды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарайтын индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің дерегі мынадай:

2018 жылғы қаңтар-мамырда жеңіл өнеркәсіп өнімі экспортының көлемі 63,5 млн. АҚШ долл. құрады, бұл 2017 жылғы ұқсас кезеңінен 1,9 есеге төмен.

2018 жылғы қаңтар-мамыр айларында экспорттың негізгі баптары мақта талшығы (46%), басқа мақта-маталы төсек жаймалары (9,1%), мақта-маталы иірімжіп (7,2%), иленген былғары немесе былғарылық краст (7,0%), мақта-маталы маталар (5,9%) болды. Мақта талшығының негізгі көлемі Латвияға, Қытайға, Молдоваға жеткізілді, мақта-маталы иірімжіп – Қытайға және Түркияға, иленген былғары немесе былғарылық краст экспортының негізгі көлемі Қытайға, Италияға және Түркияға, мақта-маталы төсек жаймалары – Ресейге, мақта-маталы маталар – Литваға және Италияға жеткізілді.

2018 жылғы қаңтар-мамырда жеңіл өнеркәсіп өнімі импортының көлемі 469,2 млн. АҚШ долл. құрады, бұл 2017 жылғы ұқсас кезеңінен 0,3% төмен.

2018 жылғы қаңтар-мамыр айларында импорттың негізгі үлесін ерлер және әйелдер киімі (41%), тоқыма материалдары (24%), аяқ өндірісінің өнімі (18%), саквояждар, чемодандар, әйелдердің сөмке-сандықшалары (4%)  және басқа  бұйымдар (13%) құрады. Ерлер және әйелдер киімі көбінесе Қытайдан, Түркиядан, Ресейден, Италиядан әкелінді. Аяқ киім Қытайдан, Түркиядан, Ресейден, Италиядан жеткізілген. Саквояждар, чемодандар, әйелдердің сөмке-сандықшалары Қытайдан, Ресейден, Италиядан және Франциядан жеткізілді. Тоқыма материалдар – Қытайдан, Өзбекстаннан, Түркиядан әкелінді.

Жалпы, 96% шағын кәсіпорындар құрайтын қазақстандық өндірушілер әдеттегідей қорғаныстық және арнайы киім тапсырыстар нарығын өздерінде сақтауда, бұл өндірушілерге кепілдендірілген сатуларды және сұранысы төмен өнімдерге минималды тәуекелді қамтамасыз етеді.

Нарық біркелкі емес және қазақстандық өндірушілер, ресми хабарламаға сәйкес, арнаулы киім мен қорғаныс тапсырысын қамтамасыз етіп отыр. 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында одан алдыңғы жылдың тап сол кезеңімен салыстырғанда жеңіл өнеркәсіп тауарларының өндірісі 3,5 пайызға өскен (2018 жылдың қаңтар-қараша айларындағы өндіріс жұмысы).

 

Айгерим Мекишева
Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)