Фактчек | Орталық Азияның кликбейт Youtube-фермасы

Егер сіз Youtube-тан «Қазақстан жаңалықтары» деп әлденені іздейтін болсаңыз, онда «Еуразия бірінші арнасы», AtamekenBusinessChannel және басқа да нақты ТВ-арналардың арасынан «Қазақсанның басты жаңалықтары» дегенді байқайсыз. Бұл арнаның видеолары 8 миллион қаралым жинап, ал жазылушылары 30 мыңға жеткен. Арнада қандай видеолар жарыққа шығады? Егер олар фейк болса, осы тектес басқа арналардың да болуы мүмкін ғой? Осы сұрақтардың жауабын бірге іздеп көрейік.

Фактчек: «Қазақстандағы жаппай ереуіл» видеосы

Мысал ретінде «Қазақстандағы жаппай ереуіл» деген видеоны алып қарайық. Ол 54 мың қаралым жинап, оған 500 адам лайк басқан. Кадр сыртындағы дауыс 7 ақпан күні Батыс Қазақстан облысындағы «KKS-SICIM»ЖШС-дағы жұмысшылар ереуілі туралы айтып жатыр. Бұл оқиға шынымен болған. Алайда олар мәтінді өздері жазды ма, әлде бір жерден алды ма? Іздей келе мәтін socialismkz.info сайтындағы мақаладан алынғанын көреміз және олар оған еш сілтеме жасамаған. Ал socialismkz.info сайты өз дереккөздерін көрсеткен.

Ойға түрткі болсын: socialismkz.info өзін «Социалистердің, жұмысшылар қозғалысының және Қазақстанның әлеуметтік белсенділерінің блогы» ретінде таныстырады. Ал сайттың «Біз туралы» айдарында «Капитализмді құртып, социалистік қоғам құру бағдарламасы» атты манифест тұр. Оның мазмұнына тоқталатын болсақ, онда көбіне Қазақстан Президентінің «империалистік» басқаруы туралы айтылған. Осыған қоса онда кері байланыс орнату үшін ешбір мәлімет жоқ, ал сайт Украинада тіркелген.

Дереккөз: whois.net

Енді қайта Youtube-арнаға оралайық. Мәтін көшірілген, ал видео жағы қалай? Кейбір кадрлардан копирайтты байқауға болады, бірақ негізі ешқандай дереккөздер көрсетілмеген. Іздестіре келе барлық фото БҚО-дағы «KKS-SICIM» фирмасында болған жұмысшылар ереуілінен түсірілмегенін анықтаймыз.

1-кадр

Мысалы 1-кадр 2014 жылдың қараша айында Чинаревск кен орнында болған ереуілден алынған. Фото дереккөзі – «Уральская неделя» (мұрағаттағы мақалаға сілтеме).

2-кадр
3-кадр
4-кадр

2-4-кадрлар шынымен 2019 жылдың ақпан айында «KKS-SICIM» фирмасында болған ереуілден және оны жұмысшылардың өзі түсірген. Суреттер «Уральская неделяға» шыққан видеодан алынды.

5-кадр

5-ші кадр да басқа ереуілден алынған: 2017 жылдың желтоқсан айында «АрселорМитталТемиртау» шахтерлары жердің үстіне шықпай қойып, айлықтарын көтеруді талап еткен еді.

6-кадр

6-шы кадрда да «АрселорМитталТемиртау» жұмысшылары, бірақ ол ереуіл 2012 жылдың шілдесінде болған. Дереккөз – Азаттық Радиосы.

7-кадр

7-ші кадрда киімнің логотипі көрінеді және оның мақала тақырыбына мүлдем қатысы жоқ. Осыған қоса видеоның шетінде «m-astana.kz» деген дереккөз белгіленген. Ол арқылы біз «Қашаған» кен орынындағы «D» атты жасанды аралда өткен жұмысшылар ереуілі туралы суреттер мен материалдар табамыз. САРЕ атты қосалқы мердігер компанияның аты «CAPE IndustrialServices» дегенді білдіреді. Ал оның жұмысшылары 2013 жылдың маусым айында ереуілге шыққан еді.

8-кадр

8-ші кадр тіпті қызық: бұл Қазақстан емес, Жаңа Уренгойдағы (Ресейдегі Ямал-Ненецкий автономды аймағында орналасқан қала) Полюс шетіндегі мұнай, газ, конденсат кен орны. Сурет Википедиядан алынды.

9-кадр

9-шы кадрда да Қазақстан емес. Ол – Ресейдегі Ямал-Ненецкий автономды аймағында орналасқан Харампурск кен орны.

10-кадр

Ал 10-шы кадрда қазақстандық Қарашығанақ кен орны. Фото vlast.kz сайтынан алынды.

11-кадр

Мына жерден де Қарашығанақ кен орнын байқаймыз. Фото дереккөзі – neftegaz.ru.

Байқасаңыздар, видеода көрсетілген суреттердің көбінің мәтінге еш қатысы жоқ. Тіпті, мәтіннің өзі басқа сайттан ұрланған.

«Қазақстанның басты жаңалықтары» арнасының басқа видеолары да осылай жасалған. Барлығында кликбейт тақырып, сондықтан қаралым жинайды. Авторда тағы осы тектес каналдар болса ше?

Жаңалықтар желісі

«Ағайынды» арналарды табу қиынға соқпады. «Қазақстанның басты жаңалықтары» арнасының «Қызықты арналар» деген жерінен үш сілтемеге тап боламыз – «Қырғызстанның басты жаңалықтары», «Хабиб Нурмагомедов – Ресми арна» және «Қазақстан бүгін». Бірінші арнада 3 миллон қаралым, екіншісінде – 1 миллион 382 мың, үшіншісінде – 1883.

Қалған арналарды да табу оңай: Youtube-қа «басты жаңалықтар» деп теріп, арналарды іріктеу функциясын қоясыз. Болды! Алдыңыздан 6,5 миллион қаралымы бар «Өзбекстанның басты жаңалықтары» және 25 миллион қаралымы бар «Әзірбайжанның басты жаңалықтары» деген арналар шыға келеді.

Бұл арналардың барлығы 2018 жылы ашылған: қазақстандық, қырғызстандық және өзбекстандық – тамызда, Нурмагомедов туралы арна – қазанда. Тек әзірбайжандық арна ерте ашылған. Оған алғашқы видео 2017 жылдың 2 тамызында жүктелген.

Барлығына ортақ нәрсе:

Саржағал сенсациялық тақырыптар. Оларды бірнеше тақырыпқа бөлуге болады:

Бұдан барлық арналардың авторлары бір деген қорытынды шығаруға болады.

«Царева Кристина» ВКонтакте әлеуметтік желісінде қазақстандық, қырғызстандық және әзірбайжандық бірнеше парақшаға жазылған. Олардың арасында «Қырғызстан жаңалықтары» да бар. Ол «Орталық Азияның басты жаңалықтары» атты youtube арнаның видеоларын қойып отырған. Дереккөз: ВКонтакте.

Фактчек: Хабиб Нурмагомедовтің арнасы

Бір қызығы, авторлар Орталық Азиядағы жаңалықтардан басқа Хабиб Нурмагомедов туралы да жеке контент жасайды. Х. Нурмагомедов –аралас жекпе-жек бойынша ресейлік спортшы, жауынгерлік самбо бойынша әлемнің екі дүркін чемпионы, қол жұмсайтын ұрыс бойынша Еуразия чемпионы және Кубок иегері. Оның танымалдығын инстаграмдағы ресми парақшасындағы 13,7 миллион жазылушысы арқылы байқауға болады. 2018 жылдың қазан айында Нурмагомедов чемпиондық атақ үшін басқа танымал спортшы Конор Макгрегормен кездескен еді. Олардың жекпе-жегі осы спорт түрінде рекорд орнатып, 2,4 миллон PPV сатылымын жинады.

Хабиб Нурмагомедовте ресми youtube арнасы жоқ екенін бірден анықтаймыз. Ода тек ресми инстаграм, твиттер және фейсбук аккаунтары және сайт бар. Ол туралы арнайы белгі арқылы білуге болады. Сайтта дүкенге сілтеме бар, алайда ол жерден тек Хабибтің қолтаңбасы бар автобиографиялық кітап қана сатып алуға болады. Ал «Хабиб Нурмагомедов–Ресми арна» youtube арнасындағы сілтеме Хабибке қатысты майка сатып алуға болады деп хабарлайды.

Дереккөз: магазин маек khabibshop.vsemaykishop.ru

khabibshop.vsemaykishop.ru– бұл субдомен, ал егер vsemaykishop.ru (қазір жұмыс істемейді) доменінің контент тарихының архивін қарайтын болсақ, онда бұл кәдімгі дүкен болғанын көреміз. Бұл сайтта қолданушылар түрлі тақырыптағы дайын немесе өзі қалаған дизайндағы майкаларға тапсырыс берген.

Өзін Нурмагомедовтің ресми youtube арнасы деп атап жүргендердің видеоға тақырып қою тәсілі осы желідегі басқа арналармен үндес: «Хабибтің әйелі Конордың әйеліне қарсы, қайсысы мықты?», «Хабиб Владимир Путинге сөз сөйледі», «Сізді таңғалдыратын жаңалықтар: Хабиб UFC-ден кетуі мүмкін?».

Фактчек: «Таулы Қарабақтағы митингтер»

Басқа видеоны тексеріп көрейік. «Әзірбайжанның басты жаңалықтары» атты фейк-желідегі ең танымал «Карабахтағы митингтер» видеосы. Таулы Карабах аймағындағы Армения мен Әзірбайжан арасында текетірес 1918-1920 жылдардағы соғыс кезінен жалғасып келеді.

Сонымен, видеодағы мәтін толығымен aze.az сайтынан алынған. Ол жерде Ханкенди қаласанда болған митинг туралы айтылады. Онда қала тұрғындары қарулы күштердің отставкасын талап еткен еді. Митинг 2018 жылдың 3-4 маусымында болды. Слайд-шоудағы фотолардың бұл оқиғаға қатысы бар ма?

12-кадр

12-ші кадрда расымен Ханкенди қаласында болған митинг көрсетілген. Бұл қаланы әзірбайжандар Ханкенди, ал армяндар Степанакерте деп атайды. Алайда видеодағы фото 1991 жылғы. Бұл туралы «РИА Новости» ақпарат агенттігінің суреттер архиві хабарлайды.

13-кадр

13-ші кадрда да Степанакертедегі митинг, бірақ ол 2016 жылдың 5-маусымында болды. Ол кезде ереуілге генерал Самвел Бабаянның жақтастары қатысқан еді. Олар Таулы Карабахтың президентімен кездесуді талап еткен еді.

14-кадр

14-ші кадрда 2018 жылы Арменияда болған оқиғалар бейнеленген. Ол кезде оппозиция көшбасшысы Никола Пашинянның сәтсіздігінен кейін бүкіл елде наразылық акциялары жүрген еді.

15-кадр

15-ші кадр түпнұсқалық архивте жоқ, алайда оған апаратын сілтеме фото 1980-ші жылдары Әзірбайжанда жасалғаны белгілі болады.

16-кадр

16-шы кадрдағы сурет 2015 жылы Стамбулда болған бейбіт митингтен алынған. Қатысушылар сол күні Анкарада болған жарылыс үшін үкіметті айыптады. Оқиға кезінде 102 адам қайтыс болып, 246 адам жараланды.

17-кадр

17-ші кадрда да Стамбул бейнеленген, бірақ ол митинг 2012 жылдың ақпан айында өтіп, Ходжалы зұлматының 20-жылдығына арналған еді.

Сонымен, видеода айтылып жатқан оқиғалар расымен болған, алайда онда көрсетілген суреттер оған сәйкес келмейді. Басқа арнадағы тағы бір видеоны тексеріп көрейік.

Фактчек: «Қырғызстан шекарасындағы атыс» видеосы

Жоғарыда айтылған мысалдарды «Қырғызстанның басты жаңалықтары» арнасынан да байқауға болады. «Қырғызстан шекарасындағы атыс» ролигінің мәтіні дереккөзі көрсетілмей knews.kg сайтынан көшірілген. Оқиғаның өзі шынымен 2019 жылдың 23 қаңтарында қазақ-қырғыз шекарасында болды. Ол кезде қырғызстандық шекарашылар мал айдап бара жатқан үш адамды ұстап алған еді. Ұсталғандар қарсылық танытып, қашып кетуге әрекеттенгенде шекарашылар оларға оқ атқан. Нәтижесінде Қазақстанның бір азаматы жараланып, ауруханаға түсіп, кейін қайтыс болады.

Өзімізге сол бір сұрақты қайта қоямыз: видеоның бетіндегі фотоның айтылып отырған оқиғаға қаншалықты қатысы бар? Суреттерді іздеу құралдары арқылы фотоны тексереміз.

18-кадр

Сөйтсек, іздеген суретіміз келесі оқиғаларға байланысты мақалаларға қатысты екені анықталады: Ивангородта ұсталған сомалилік азаматтар (2018 жылдың 18 шілдесі), қырғызстандықтың Абхазия шекарасында ұсталуы (2016 жылдың 5 қазаны), Бурятияда заңсыз құс пен жануарларды зерттеген АҚШ азаматтары (2017 жылдың 13 шілдесі) және т.б. Бұлардың ешқайсысының фотоға қатысы жоқ. ТАСС сайтында фотодағыдай киім киіп алған адамдарға ұқсас сурет бар. Онда «Ресейлік және қытайлық шекарашылардың бірлескен оқу жаттығулары. Архив» деп жазылған. Ал TinEye бұл фото corbisimages.com сайтында (қазір бұл сервис GettyImages фотолар топтамасы сайтының құрамына кіреді, сурет бойынша толық мәлімет табу мүмкін емес) 2014 жылдың қарашасында болған екенін көрсетеді. Топтамадағы файлдың атауында «russian-and-chinese-border-guards-hold-joint» деген сөз тіркесі бар.

19-кадр

19-шы кадр WikipediaCommons сайтынан табылды, ол жерде оның дереккөзі ретінде РИА Новости көрсетілген. Фото Калининград шығанағындағы айдында, яғни ресей-поляк аймағындағы «Западная» шекаралық бекетінде 2009 жылы жасалған. Сол кезден бері бұл суретті әртүрлі мақалалар үшін пайдаланған: 2016 жылы Балашихадағы қаңғыбастың өлімі, Ресейде қызметтерді сатумен айналысқан топты әшкерелеу, уралдық мэрдың тұтқындалуы және т.б.

20-кадр

20-шы кадрды ИТАР-ТАСС 2014 жылы Ростов облысында жасаған.

21-кадр

TinEye нәтижесі бойынша 21-ші кадр CorbisImages фотолар топтамасы сайтында болған. Сурет 2014 жылдың 16 қазанында салынған. Атауына қарағанда бұл үндістандық шекарашылар.

22-кадр

22-ші кадрда біз тәжікстандық шекарашыларды байқаймыз: олардың киімінің түсі қазақстандық немесе қырғызстандық жауынгерлерден айырмашылығы бар.

Қалған кадрлардың дереккөздерін анықтау мүмкін болмады. Басқа фотоларда шынымен Қырғызстанның шекаралық бекеттері көрсетілген.

Бұл видео осыған дейінгі мысалдар сияқты бір үлгімен жасалған: көп суреттердің мәтінге еш қатысы жоқ, ал мәтіннің өзі дереккөзі көрсетілмей алынған.

Қорытынды

Өкінішке қарай, әзірге «басты жаңалықтардың» авторлары табылмады. Алайда бір нәрсе түсінікті: Youtube-ті пайдаланатын кез келген қолданушы қаралымдар үшін ақша табады, себебі Youtube желісінің өзі GoogleAdSense жарнамалық жүйесіне кіреді. Сондықтан бұл арнаның авторлары өз видеоларын тікелей коммерциялық мақсатта істейді. Сол үшін олар халық арасында көп талқылануы мүмкін «өзекті» тақырыптар таңдайды.

Көріп отырғанымыздай, олар өз видеоларын қарапайым үлгімен жасайды. Сондықтан біз олардың әдістерін біліп алып, енді қулықтарына түспейміз.