Фактчек | Назарбаева: «Қытайда жыл сайын Қазақстанның халық санымен тең келетін адам дүниеге келеді»

12 наурыз күні Forbes.ru сайтында Дариға Назарбаеваның сұхбаты жарияланды. Назарбаева өз сөзінде «Қытайда жыл сайын Қазақстанның халық санымен тең келетін адам дүниеге келеді. Қазақстанның халық саны – 18,8 млн. Алдыңғы жылы (2018) Қытайда 17 млн адам дүниеге келді» деп айтты.

Фактчек | Назарбаева: «Қытайда жыл сайын Қазақстанның халық санымен тең келетін адам дүниеге келеді»
Скриншот Forbes.ru сайтынан алынды

Factcheck.kz Дариға Назарбаеваның айтқан ақпараттың рас-өтірігін Қытайдағы соңғы бесжылдық көрсеткішпен тексеріп шықты.

Үкім: Жартылай шындық

Қытайдың Ұлттық Статистика бюросының ресми сайтындағы деректерге сәйкес, Қытайда соңғы бес жылда дүниеге келген адам саны:

Дариға Назарбаеваның 2018 жылы Қытайда 17 млн адам дүниеге келді деген ақпараты, шындыққа жанаспайды. Қытай Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтері бойынша, 2018 жылы Қытайда 15,23 млн адам дүниеге келген. Алайда, Қытайда соңғы бес жылда дүниеге келген балалардың саны Қазақстан халқына өте жақын екенін көрсетеді.

Фактчек | Назарбаева: «Қытайда жыл сайын Қазақстанның халық санымен тең келетін адам дүниеге келеді»
Скриншот Қытайдың Ұлттық Статистика бюросының ресми сайтынан алынды

Дариға Назарбаеваның сұхбаты жарияланған күнді есепке алсақ (12 наурыз 2019 жыл), Қазақстанның халық саны 18,8 млн емес, 18 435 713 адам болған.

Фактчек | Назарбаева: «Қытайда жыл сайын Қазақстанның халық санымен тең келетін адам дүниеге келеді»
Скриншот stat.gov.kz сайтынан алынды

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz