Фактчек-кейс: Македониялық фейктер «фермасын» құрған кім?

2016 жылы македондық жасөспірімдер әлемге әйгілі болды: Buzzfeed жүргізген зергеу барысында Дональд Трамптың жақтастары мен басқа да америкалық консерваторлар жиі оқитын сайттар желісі анықталды. Олардың домендері америкалық атаумен берілгенімен, иелері жас македондықтар болатын. Көпшілігі Велес қаласының тұрғыдары. Македониядағы жұмыссыздық деңгейі 22% (салыстыру үшін: Қазақстанда бұл сан 2018 жылы 5% болды), сол себепті жастар әртүрлі күнкөріс амалдарын іздеуге мәжбүр. Олардың қатарында «сары» контенті бар және жарнамалық аккаунттарға қосылған сайт жасау да бар.

Дегенмен фейк жаңалық таратумен айналысатын македондық жастар ғана емес: журналистік зерттеумен айналысатынLead Stories сайты Лейдендік Nieuwscheckers университетімен бірігіп македондық басқа фейктер «фермасын» анықтады. Оның құрамында Facebook пен Twitter-де 7 млн әсері бар, пікір жазылған және бөліскен 70-тен аса фейк тарататын сайт бар. Бұл желіні басқаратын жасөспірімдер емес, кейбір бөлігі мемлекеттік қызмет істейтін ересек адамдар.

Фейк Джессикалар мен шынайы македондықтар

2018 жылдың 7 желтоқсанында америкалық солдат Джони Смит «Джунин Пирро сотының фанаттары» Facebook тобында сілтеме жариялады. Трамптың жақтастарының арасында Fox News арнасындағы шоу жүргізуші Пирро өте танымал: оның Facebook-тегі фан-парақшасына 53 мың адам жазылған. Джони Смит бөліскен мақалада бұрынғы британдық құпия агент Диана ханшайымды өлтірудегі сырды ашқан. Оның ойынша адам өлтіруге тапсырыс берген Елизавета ханшайымның күйеуі Филипп ханзада.

Фактчек-кейс: Македониялық фейктер «фермасын» құрған кім?
Дереккөз: Lead Stories

Оқиға жалған. Оны ойлап тапқан америкалық YourNewsWire.com сарыжағал сайты. Джони Смит деген азамат мүлдем жоқ: ол македондық Куманово қаласының тұрғыны Слаган Каго Бойковскидің көптеген фейк аккаунттарының бірі. Әлеуметтік желілердегі мәліметтері мен ұлттық ту бейнеленген әскери форма киіп түскен аватарына сенсек, Бойковски македондық әскерде борышын өтейді. Оған қоса ол фейк жаңалықтар фермасын толықтырып отырады.

Фактчек-кейс: Македониялық фейктер «фермасын» құрған кім?
Сол жақта: Джони Смит. Оң жақта: Слаган Саго Бойковски. Дереккөз: Lead Stories

Бұл ферма «Джони Смит» сілтеме берген tvrtinfo.com сайты кіреді. Македондық фейк жаңалықтар желісінің танымалдылығын қамту (охват) санына қарап бағалауға болады: бар болғаны 2 аптаның ішінде посттар 3,6 миллион қолданушыға жетеді. Желідегі мақалалардың бірі BuzzFeed құрастырған топ фейк материалдардың қатарына енді. Мақаланың тақырыбы «Мұсылмандар мәзірден шошқаның етін алып тастауды талап етіп, АҚШ-тан кетеміз деп қорқытуда. Бұған сіздің пікіріңіз қандай?». Бұл фейк Facebook-те 630 мыңан аса әсер, бөлісу және пікір жинады.

Ол мұны жалғыз істемейді: Бойковскидің Facebook-тегі достарының ішінде Кумановада тұратын Виктор Колевски атты біреу бар. Колевски Скопьедегі әскери академияда оқыған және оның LinkedIn-дегі профайлына сенсек, полиция инспекторы болып жұмыс істейді. Оның атына македондық желідегі екі домен тіркелген. Ол сілтемелерді Facebook-тегі Трамп туралы топтарда жариялап отырған. Сонымен қатар бұл сайттар Google Adsense жарнамалық желісінде тіркелген. Екеуінің ID-і бірдей, яғни бір адамға тиесілі.

Бойковски мен Колевскиден бөлек фейктерді жұмыстан бос уақытында Македония Қорғаныс министрлігінің қызметкері Мариан Златоновски де таратып отырған. Әйелі Мария Крстеву екеуінің атына 7 сайт тіркелген, ол whois және Google AdSense мәліметтері арқылы анықталған. Олар жариялаған мақалалардың ішінде Джордж Соростың өлімі туралы сыбыстар, Лас-Вегастағы атысты қасақана ұйымдастырды деген әңгімелер, америкалықтарға жалданып жұмыс істеуден бас тартқан қашқындар туралы және басқалары бар.

Фактчек-кейс: Македониялық фейктер «фермасын» құрған кім?
Buzzsumo мақалаларының анализі. Дереккөз: Lead Stories

Златоновски мен жұбайы отбасылық кәсіптің жалғыз үлгісі емес: Байковски Twitter-дегі фейк аккаунттарының негізгі фотосына өзінің жұбайы мен туысқандарының суретін пайдаланған. Велестің бір тұрғыны мен оның туысы Слаганның сайтын қатысушылары 30-40 мың адамға жететін консервативті Facebook топтарда жарнамалап отырды.

Фактчек-кейс: Македониялық фейктер «фермасын» құрған кім?
Наташа және Слаган Бойковскидің суреті бар фейк аккаунт. Дереккөз: Lead Stories

Бойковскидің жерлестері және Facebook-тегі достары Тони және Мирьяна Ристескис де фейкпен айналысқан: Тонидің атына unisharenews.com сайты тіркелген, ал Мирьяна жарнаманы қолға алған. 2017 жылы Мирьяна Трамп туралы топтарда «Либералды феминист әйел қашқын-мұсылманды өзінде паналатты. Оны таңертең шок күтіп тұрған еді» деген сынды «айқайлап тұрған» тақырыптары бар материалдардың сілтемелерін жариялап отырды.

Македондық фермерлердің достарының арқасында тағы бір фейк табылды. Lead Stories журналистерінің назары Twitter-дегі аккаунттары бірдей Jesica деген ат пен саннан тұратын қыздардың профайлына түсті. Өзгелерден бір профайл ерекшеленіп тұрды: қолданушының аты @dapcevski, аватарында серб әншісі Сандра Африканың суреті тұрды. Тілшілер бұл аккаунттардың гугл-кэшін тексергісі келді.

Фактчек-кейс: Македониялық фейктер «фермасын» құрған кім?
Twitter-дегі фейк-аккаунттар. Дереккөз: Lead Stories

2016 жылы аватарда «М» әрпі бар татуировканың суреті болғаны анықталды. Ол Facebook және Google+ аккаунттарынан табылып, татуировка иесінің аты Saso Dapcevski екені белгілі болды. Дапсевскидің 2017 жылғы посттары македондық фейк жаңалықтар желісінің бірі libertymagazine.net сайтына алып келді.

Фактчек-кейс: Македониялық фейктер «фермасын» құрған кім?
@dapcevski-дің 2016 жылғы аккаунты. Дереккөз: Lead Stories
Фактчек-кейс: Македониялық фейктер «фермасын» құрған кім?
Сасо Дапсевскидің Facebook-тегі аккаунты. Дереккөз: Lead Stories

Дапсевски оффлайнда немен айналысады? Facebook-те ол жүк көлігін жүргізушілердің тобына тіркелген екен. Қызықты сәйкестік: македондық желі сайттарының бірі – tamche1966.com. Македон немесе серб тілінен аударғанда Tamče сөзі «жүк фургоны» немесе «жүк автокөлігі» деген мағынаны білдіреді. Дапсевски фейк таратпаған кезде, көлік айдайтын тәрізді.

Фактчек-кейс: Македониялық фейктер «фермасын» құрған кім?
Дереккөз: Lead Stories

Кері байланыс

Македондық «фермерлердің» Lead Stories сұхбатына әсері әртүрлі болды. Колевски қысқа қайырды: ол өзінің LinkedIn-профайлындағы мәліметке қарамастан қазір полицияда қызмет істемейтінін айтты. Златоновски, керісінше, зерттеу нәтижелерін растады. Фейкті неге таратасыз деген сұраққа ол мұны кішірім кәсіп деп есептейтінін жеткізді. Сұхбаттан кейін Златоновски Facebook-тегі парақшасын өшіріп тастады, бірақ Виктор Колевскидің Facebook достарының ішінде Мариан Златоновски есімді біреу бар, бұл жолы профайл бұрынғы латынның орнына кирилицамен жазылған.

Басқалары сұраққа жауап бермеді: Ристекис байланысқа шықпады, ал Дапсевски әуелде сұрақтарға жауап беруге келіскенімен, кейінірек бас тартты.

Слаган Бойковскиге келер болсақ, ол алғашқыда фейк сайттарға ешқандай қатысы жоқтығын, оларды қалай жасауды мүлдем білмейтінін айтқан. Кейінірек бір-екі жыл бұрын сайт ашқанын, бірақ «басқа да македондықтар тәрізді» қазір тоқтатқанын мойындады. Twitter-дегі фейк профайлдарда жұбайыңыз екеуіңіздің суреттеріңіз қайдан жүр деген сұраққа Бойковски, әлдебіреулер суретті ұрлаған деп жауап берді. Джони Смит есімді америкалық солдатты танымайды және әскерде жұмыс істемегеніне бір жылдай боп қалыпты.

Македондық фейктер «фермасында» жалпы саны 75 сайт болған. Бойковски журналистермен сөйлескеннен кейін бірнеше сағат өткен соң сайттар бірінен кейін бірі ашылмай қалды. Педофилдер, мұсылмандар, қашқындар және басқа да сенсациялық 3500 материал интернеттен жойылып кетті. Дәл «Джони Смит» профайлы тәрізді.

Бақытты «фермердің» құпиясы

Фейктер арқылы табысты кәсіп істеу өте оңай. Бірнеше қадам жеткілікті: сайт жасау, оны анонимді түрде тіркеп консервативті христиандар, Трамптың жақтастары, популистер, келіссөз теориясын жақсы көретіндер мен расистер оқитын шулы мақалалармен толтыру керек. Содан кейін туыстар мен фейк аккаунттарды іске қосып, Facebook пен Twitter-де сілтемелерді таратып тастаса, адамдардың сайтқа жаппай кіріп жатқанын, ал кликтер Google’s AdSense немесе соған ұқсас басқа да жарнамалық жүйелер арқылы ақшаға айналып жатқанын бақылап отыру ғана қалады.

Мақала жазып қиналудың да қажеті жоқ. Контентті әртүрлі конспирологиялық блогтар немесе консервативті Fox News сынды ағылшын тілді сайттардан алуға болады. Қандай да оқиға танымал бола салысымен оны өзіңе көшіріп алу керек. Lead Stories атап өткендей, контенттің бірнеше рет дубляждалғанын қайталанып келетін қателіктерден (түсіп қалған сөздер, өзгерген суреттер, пунктуациялық қателер және т.б.) байқауға болады.

Қорытындысы жоқ қорытынды

Lead Stories тапқан македондықтар саяси тұрғыдан ангажирленбеген: олар үшін фейктер, ең әуелі табыс көзі. Бірақ македондық «фермалар» тек меркантильдік мақсатта құрылады деуге әлі ерте.

OCCRP зерттеуінің нәтижесінде македондық фейктер «фермасының» алғашқы құрушысы Трайче Арсовқа тиесілі USA Politics Today сайтына америкалық Бен Голдман жазып тұрғаны белгілі болды. Голдман серіктесі Пэрис Уэйд екеуі өздерін «жаңа сарыжағал тілшілер» деп атады: оларға Facebook-те 805 мың адам жазылған және гиперпартизандық консервативті Liberty Writers News сайты тиесілі. Голдманнан бөлек Арсов үшін басқа да америкалықтар жазып тұрды.

Македондықтың Ресейдің «тақтар фабрикасымен» байланысы бар ма, әзірге белгісіз. 2016 жылы АҚШ-тағы президенттік сайлауға ресейліктер араласты деп арызданушылардың бірі Анна Богачева 2015 жылдың жазында Македонияға келген. Богачева бұл елге қандай мақсатпен келгені туралы сұраққа жауап беруден бас тартқан.

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz