Фактчек | Қазақстан әлемдегі ауасы ластанған жиырма елдің қатарында

Швейцариялық «AirVisual» компаниясы әлемнің 73 елінде РМ2.5 зиянды бөлшектердің шоғырлануын салыстырған. Нәтижесінде, Өзбекстан 16-шы, Қазақстан 29,8 µg/m³ көрсеткішімен 20-орында. Қалалар тізімі бойынша Астана 26 µg/m³ көрсеткішімен ауасы лас қала ретінде тіркелген. Бұл ақпарат Qazaqtimes жарық көрді. Ресми деректерді тексеріп, Қазақстан ауасы ластанған жиырма елдің қатарына шынымен де кіре ме деген сұраққа жауап іздейік.

Үкім: Манипуляция

Ранкингте Қазақстан 29,8 µg/m³ көрсеткішпен 20-орынды иеленген, алайда ауа ластануын тек Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ғана есептеген және Qazaqtimes.com мақаласында нақты мерзім мен өзге де зерттеулерге сілтеме  жасалмаған.

Фактчек | Қазақстан әлемдегі ауасы ластанған жиырма елдің қатарында

AirVisual – 2016 жылдан бері әлемдегі ең ірі ауаның ластануымен күресетін алғашқы қосымша. Басқа ранкингтердегі көрсеткіштерте Қазақстан басқа орында. Сондықтан бұл материал манипуляцияға жатады.

2007 жылдан бері ауа сапасын тексеретін World Air Quality Index сайтын қарайық. Бұл порталдың рейтингі әр минут сайын жаңарып тұрады. Дәл қазір Қазақстанда ауа таза. 50 аралығындағы көрсеткіште – 34 PM2.5 құрайды. Рейтингте Қазақстан – 7-орында, ал жалпы есепте – 62–орынға табан тіреген. (Сіз қараған уақытта рейтинг басқаша болуы мүмкін.)

Бірақ бұл екі сайт та Қазақстанның көрсеткішін тек Нұр-Сұлтан қаласымен ғана зерттеген.

Сонда кімге сенеміз?

Фактчек | Қазақстан әлемдегі ауасы ластанған жиырма елдің қатарында
Скрин berkeleyearth.org сайтынан

Berkeley Earth – 2012 жылдан бері жүргізетін талдау, бағдарламалау және зерттеулерде қолданатын ашық дерекқор. Жоғарыда көрсетілген сайттардан айырмашылығы – Қазақстанның бірнеше қалаларын қамтиды. Бұл сайт Қазақстан Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Шымкент, Семей, Тараз, Павлодар қалаларын есепке алып зерттеу жасаған және Қазақстан 89-орында. Біз 11,6 PM2.5 көрсеткішімен соңғы орынды алып отырмыз.

Фактчек | Қазақстан әлемдегі ауасы ластанған жиырма елдің қатарында
Скрин berkeleyearth.org сайтынан

Berkeley Earth сайтының зерттеуі бойынша, Қарағанды 56,3 PM2.5 көрсеткішпен Қазақстанның ең лас қаласы болып шықты. Ең аз ластанған қала – Павлодар екен. Көрсеткіші – 5,3 PM2.5.

Басқа мемлекеттермен салыстаратын болсақ, Қазақстанның ауа ластану деңгейі – төмен. Ауа сапасы қолайлы, тұрғындар үшін қауіп жоқ.

Factcheck.kz