Фактчек | Фейк жаңалықтар туристік агенттігі

Ақпанның 12-сіндегі Әулие Валентин күні қарсаңында ондаған қазақстандық БАҚ-та “Астана ТМД-дағы роматикалық қалалар бестігіне кірді” деген материал шықты. Алтыншы орын алған Алматы ондыққа “кірген”.

Басылымдардың барлығы “Турстат” аналитикалық агенттігіне сілтеме жасайды.

Үкім: Манипуляция

Зерттеудің агенттік сайтында жарияланғаны рас, бірақ зерттеудің өзі де, оны жариялаған агенттік те лақапқа ұқсайды.

Бұл индекс “Турстат” сайтындағы “Ресей мен ТМД-дағы саяхат пен туризм нарығын зерттеу” бөлімінде ақпанның 11-інде жарияланды.

Фактчек | Фейк жаңалықтар туристік агенттігі

“Турстат” жасаған демалыс күндері баруға татитын топ-5 романтикалық қала рейтингінде Грузиядағы Тбилиси, Қазақстандағы Астана, Әзербайжандағы Баку, Беларусьтегі Минск пен Молдавиядағы Кишинев қалалары тұр.

“ТМД-дағы ең романтикалық қала деп Тбилисиге – 33 пайыз адам, Астана, Баку мен Минскіге – 14 пайыз, Кишиневке 10 пайыз адам дауыс берген. Бұл рейтингіге 5 пайыз дауыстан алған Алматы, Бішкек пен Ереван да кірген. Турстаттың дерегінше, ТМД елдеріне романикалық туризм бойынша 1 миллионнан аса адам барады.

Екі күннен соң, ақпанның 13-інде жаңалық жаңартылып, “ең романтикалық орындармен” толықты. Мұндай орындар қатарына Астанадағы Байтерек, Алматыдағы Көктөбе кірген.

Турстат туралы айтайықшы

Көзге алдымен сайттың дизайны түседі – ешбір айдар жоқ, тек жоғарыда айтылған зерттеулер сияқты материалдар тұтас бір бетке қатарынан жарияланған. Сайт иелерінің контактілері де көрсетілмеген, құрастырушы кім екеніне қатысты ақпарат та жоқ. Авторлық құқық белгісі жазылмаған. Әлеуметтік желілерден сайтқа шыққан материалдарды бөлісіп қана отыратын Twitter бар.

ЗФактчек | Фейк жаңалықтар туристік агенттігіерттеумен айналысатын кез келген ұйым ақпаратты қалай жинағаны мен зерттеу әдісін ұсынуы керек. Бірақ Турстат оны да жазбайды. Тек жаңалық мәтінінде “сауалнама” жүргізілгенін және онлайн брондау жүйесі деректерін өңдегені айтылады.

Іздеу жүйелеріне агенттік атын жазсаңыз, Турстаттың “зерттеулерін” көшіріп басқан ақпарат агенттіктері ғана шығады.

Сайт туралы жалғыз ақпаратты домендер туралы ашық деректер беретін Whois сайтынан табуға болады. (Мына мақалада зерттеудің жартысын жариялаймыз, мына сілтемеге өтіп, толық ақпаратты оқи аласыз)

Domain Name: TURSTAT.COM
Registry Domain ID: 2034148592_DOMAIN_COM-VRSN
Registrar WHOIS Server: whois.nic.ru
Registrar URL: http://www.nic.ru

Registrant Name: Privacy protection service — whoisproxy.ru
Registrant Organization: Privacy protection service — whoisproxy.ru
Registrant Street: PO box 99, whoisproxy.ru 
Registrant City: Moscow

Admin Name: Privacy protection service — whoisproxy.ru
Admin Organization: Privacy protection service — whoisproxy.ru

Бұл деректерден байқалатын бір нәрсе – Tutstar.com сайты Ru-center арқылы, яғни домен иесінің жеке ақпараттарын алып, домен жайлы деректерді жасыратын, Whois базасында көрінбейтіндей ететін қызмет арқылы жасалған. Яғни, мақсат та сол – сайт иесінің кім екенін жасыру үшін осылай жасалған. Іздеу жүйелері шығаратын бар ақпарат – шұғыл қажет болғанда сайт иелеріне xат жазуға мүмкіндік қана беретін тіркеу сервисі жайлы деректер.

Turstar-дың негізгі жаңалықтары Ресейге қатысты болғандықтан және тіркеушілер Мәскеуде болғандықтан, өзін “сараптама қызметі” деп атайтын сайттың Ресейде жұмыс істейтіні анық. Бірақ ресейлік компаниялар базасының ешбірі мұндай агенттік туралы ешбір дерек көрсетпейді. Агенттік тіпті Ресей заңды тұлғаларының Бірыңғай мемлекеттік реестрінде де жоқ.

Фактчек | Фейк жаңалықтар туристік агенттігіФактчек | Фейк жаңалықтар туристік агенттігі

“Турстат” тіпті Ресейдегі зерттеу компаниялары қауымдастығының құрамына да, туристік бизнес жасаушылар қатарында да жоқ. Зерттеу ұйымдарының рейтингінде де агенттік атауы аталмайды (мәселен, мұнда).

Бізде доменнің 2018 жылы маусымда тіркелгені ғана белгілі. Сайт құрыла сала онда Ресейдің “туризм нарығы мен саяxат” туралы зерттеулер жариялана бастады. Бір қызығы агенттік бастапқы материалдарында Ресей мемлекеттік статистика жөніндегі федералдық қызметке жиі сілтеме жасайды.

Шетелге “шығу”

Агенттік шетел туралы алғаш рет 2016 жылы шілденің 10-ында жазды: “Ресей мен ТМД-дағы треккинг үшін қолайлы он шипажай” деген атпен жарияланған материалда Шымбұлақ екінші орын алған.

Кейін — 2017 жылы қаңтардың 10-ында “Қыс кезінде спортшы туристер арасында танымал қалалар” деген материал шықты. Ешбір туриске сілтеме берілмеген және қандай пікірге сүйінгені жазылмаған әлгі “рейтингіде” Алматы бірінші орынға шыққан. Сол жылы Универсиада өткен Алматыдан австриялық Хоxфильцен, швейцариялық Санкт-Мориц, чеxиялық Острава мен финдік Лаxи қалалары қалып қойған.

Осы материалдан соң Қазақстан қалалары агенттік шығаратын рейтингілерден түспейтін болды.

“Ең танымал гастрономиялық турлар” (Алматы), “Ресейліктер арасында танымал ТМД-дағы 10 қала” (Алматы мен Астана), “ТМД-дағы ең танымал шипажайлар 2017” (Бурабай), “ТМД-дағы танымал тау шипажайлары 2017” (Шымбұлақ) деген сияқты материал көп. Бір қызығы – жылына бірнеше рет жарияланатын рейтингілерде көш бастап тұрған қалалар өзгермейді.

Барлық рейтингіні тізбектемей-ақ, көбіне ортақ сипат бір өзінде бар мына рейтингіні үлгі ретінде алайық.

2017 жылдың күзінде туристер арасында танымал болған ТМД-дағы 10 қала:

Минск (Беларусь)
Астана (Казахстан)
Баку (Әзербайджан)
Ереван (Армения)
Алматы (Қазақстан)
Ташкент (Өзбекстан)
Ашхабад (Түркіменстан)
Киев (Украина)
Кишинев (Молдова)
Бішкек (Қырғызстан)

Рейтингіні жасағандар ТМД елдері астаналарының (неге екенін, Мәскеу мен Тбилисиден басқа) ешбірін “ренжітпегенін” көріп те тұрған шығарсыздар.

Бұл рейтинг, Турстаттың жазуынша, онлайн брондау жүйесін сараптау нәтижесінде жасалған. Авторлар Ашxабадта онлайн брондау жүйесіне бес-алты қонақүй ғана қосылғанын ескерді ме, жоқ па – белгісіз. Айтпақшы, 2018 жылғы рейтингіде де ештеңе өзгермеген.

“Турстат” аналитика агенттігінің фейк рейтингі жасаумен айналысатынын болжап та отырған шығарсыз.

Ресурсты жасағандар туризмге жауапты мемлекеттік органдар өздеріне ақша төлесе, қандай да бір қаланы, елді не іс-шараны жарнамалап береді. Тіпті агентікті мемлекеттік органдардың өзі жасап шыққан да болуы мүмкін.

Алматыдағы Webgear (https://webgear.kz/) компаниясының веб-мастері Артем Тихонов сөзіне қарап, бірінші нұсқаның ықтималдығы жоғары екенін айтуға болады:

Сайт кез келген адам қолдана алатын WordPress шаблонында жасалған. Мұндай сайттың бағасы келіскенің қарай. Клиентің студент болса 30 мыңға да жасауға болады, қандай да бір компания тапсырыс берсе, бағасы он есе қымбат тұрады. Сайт иелері yandex.direct сервисіне қосылып, жарнамадан ақша тапқысы келгендіктен, сайтта жарнама осыншалық көп. Турасын айтқанда, ұйымның қаржылық жағдайы мәз емес. Халықаралық PR-ресурс үшін техникалық орындау деңгейі тым нашар. 

Осыған қарамастан, қазақстандық, ресейлік және ТМД елдерінде істейтін БАҚ, тіпті ақпаратты тексеріп үйренген агенттіктердің өзі бұл рейтингілерді жиі жариялап, таратады.

Қорытынды

TurStat — туризм мен саясат саласы жайлы жалған жарнамалық жаңалықтар дайындаумен айналысатын шын мәнінде өмірде жоқ не тіркелмеген, Ресейге я оған көршілес елдердің “қамқорлығына үмітті” ресейлік ұйым. Олар ешқандай зерттеу жүргізбейді де.

P.S…

“Романтикалық қалалар” рейтингі шыққан соң “Караван” порталы “Қазақстандағы туристік компаниялардың бірімен серіктес” Асқар Төлеуовпен сөйлескен:

“Жаңалық сайттарында тарап кеткен тізіммен танысып шықтым. Астананың екінші орын алғанына таңқалдым. Тізім қызық екен. Себебі Алматы демалыс күндері аралап, қыдырғанға, романтикалық сапарға шыққанға Астанадан гөрі әлдеқайда ыңғайлы”

Ары қарай спикер “Қазақстанда романтикалық туризм саласы дамымағанын айтады да, “Елдегі тарихи ғимараттар мен көне нысандарға жеткілікті көңіл бөлсек, көп адамды тартуға болар еді” дейді.

Factcheck.kz