Фактчек | Эмиграцияға кетуге “итермелейтін” факторлар

Азаттық радиосы сайтында Статистика комитетінің деректеріне негізделіп жазылған, эмиграция мен миграцияға қатысты бірнеше тұжырым жасалған мақала жарияланды. Мақалада былай деп жазылған:

  • Қазақстаннан кететіндер саны соңғы төрт жыл қатарынан өсіп жатыр
  • Былтыр Қазақстаннан кеткендер саны елге келгендерге қарағанда екі есе көп
  • Шетке қоныс аударғандардың дені ТМД елдеріне көшкен я сол елдерден Қазақстанға көшіп келген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі – 72,1 пайыз; ТМД елдеріне кеткендердің үлесі – 89,4 пайыз.
  • Қазақстаннан кететіндердің көбі – этникалық орыстар

Миграция мәселесін бұған дейін біз бірнеше рет жаздық. Бұл жолы да деректерді тексеріп көруге бекіндік те, Азаттық мақаладағы кейбір деректер қате екенін және ашық дереккөздегі мәліметке сәйкес емесін анықтадық. Статистика комитетіне берілген сілтеме ашылмайды, себебі автор жазған ақпарат сайттан алынып тасталған. Сондықтан әрбір айтылған деректі жеке-жеке тексерейік.

“Қазақстаннан кететіндер саны төрт жылдан қатарынан көбейіп жатыр”

Үкім: Шындық

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің басқа да мәліметтеріне қарап-ақ “елден кетіп жатқандар саны төрт жылдан бері тек өсіп жатқанын көруге болады.

Фактчек | Эмиграцияға кетуге "итермелейтін" факторлар

“Былтыр елден кеткендер саны елге келгендерден екі есе көп”

Үкім: Жартылай шындық

2017 жылы Қазақстаннан 37 725 адам кетіп, 15 595 келген. Яғни, эмигранттар мигранттардан 2,42 есе көп. Ал мақалада “шамамен екі жарым есе көп” делінеді. 2017 жылғы миграция сальдосының да деректері нақты көрсетілмеген – сальдо мақалада жазылғандай -21 623 емес, -22 130.

“Шетке қоныс аударғандардың дені ТМД елдеріне көшкен я сол елдерден Қазақстанға көшіп келген”

Үкім: Шындық

Елден кеткендердің дені ТМД елдеріне көшкен я сол елдерден Қазақстанға көшіп келген. Мақала мен ресми деректердің бұған келгенде айырмашылығы жоқ. 33 718 адам Қазақстаннан ТМД елдеріне кеткен. Жалпы көштегі олардың үлесі – 89,4 пайыз. Алайда көшіп келгендерге қатысты деректі де жазып қою керек: ТМД елдерінен Қазақстанға 11 292 адам келген. Жалпы иммигранттар санындағы олардың үлесі – 72,4 пайыз (15 595 адам).

“Қазақстаннан кететіндердің көбі – орыстар”

Үкім: Шындық

Расымен де, елде көшіп кеткендер арасында ең көбі – этникалық орыстар. Олардың миграциялық салдосы – 23 909 адам. Ресей мемлекеттік статистикасы федералдық қызметі мен Қазақстанның статистика комитетінің деректерінде айырмашылық бар. 2000, 2005-2007, 2009-2011 жылдардағы Ресей статистикасында Қазақстаннан келген адамдар саны Астананың айтқанынан көп.

Фактчек | Эмиграцияға кетуге "итермелейтін" факторлар

 

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz