Фактчек | Бозымбаев: 2018 жылы Қазақстан мұнай өндіруден рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Ақпан айының басында БАҚ сол кездегі және қазіргі энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың 2018 жылы Қазақстанда 90,3 млн тонна мұнай өндіріліп, «рекордтық көрсеткішке» қол жеткіздік деген мәлімдемесін жарыса жазды. Сонымен қатар, министр «мұнай өнімдерінің негізгі түрлері – авиакеросин, дизель отыны, бензин және мазут өндіру мөлшері 2018 жылы 9,4%-ға өсті» (2017 жылмен салыстырғанда), – деген болатын. Ал жылдың қорытындысы бойынша сауда нарығын отандық өнімдермен қамтамасыз ету көлемі: бензин – 92,2%, дизотыны – 91,1%, авиакеросин – 62% болды.

Бірақ ол бұрынырақ мына жерде «жыл соңында біз ішкі нарықты 100% бензинмен, жылдың екінші жартысында дизель отынымен және авиакеросинмен де 100% қамтыдық» деген болатын. Бензин алаңдататын тақырып болғандықтан, тексереміз.

Нефть Казахстана

Мәлімдеме: 2018 жылы Қазақстанда 90,3 млн тонна мұнай өндіріліп, рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік.

Үкім: Шындық

Расымен, 28 жыл ішіндегі рекордтық мөлшердегі мұнай өндірген!

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің Аймақтардағы табиғи сипаттағы тау-кен қазу өнеркәсібі мен карьер қазу және Қазақстан Республикасындағы 2018 жылдағы тау-кен қазу өнеркәсібі мен карьер қазу құжаттарындағы ақпаратты негізге ала отырып біз Қазақстандағы мұнай өндіру қарқынын көрсететін мынадай диаграмма жасадық:

Нефть Казахстана

Мәлімдеме: Мұнай өнімдерінің негізгі түрлері – авиакеросин, дизель отыны, бензин және мазут өндіру мөлшері 2018 жылы 9,4%-ға өсті (2017 жылмен салыстырғанда).

Үкім: Үкім жоқ

Әртүрлі мұнай өнімдері өндірісінің өсу қарқыны бірдей болмағандықтан, үкім қою қиын.

Соған қарамастан, мына құжатты қарап көрейік: Қазақстан Республикасы өнеркәсібі жұмысының 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы негізгі көрсеткіштері:

Нефть в КазахстанеНефть в Казахстане

Көріп отырғанымыздай, өткен жылмен салыстырғанда 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіптің төмендегі топтары бойынша өсу көрсеткіші мынадай болған:

Жалпы мұнай отыны – 2,2% (өнеркәсіптік өндірістің индексі 102,2%). Оның ішінде

  • бензин, авиациялықты қосқанда – 29,8% (өнеркәсіптік өндірістің индексі 129,8%)
  • керосин, керосин тектес реактивті отынды қосқанда – 29,4%
  • дизель отыны – 7,4%
  • мазут – өндіріс мөлшері 12,9% –ға қысқарды (өнеркәсіптік өндірістің индексі 87,1%).

Жалпы алғанда, орта есеппен министр айтқан мұнай өнімдерінің өндірісі 9,4% емес, 13,4%-ды құрайды (орташа арифметикалық мағынаны есептеу формуласы бойынша). Яғни, спикер өндіріс еңбегін азайтып айтқан немесе оның қолындағы мәлімет Статистика комитетінің мәліметімен сәйкес келмейді. Дегенмен, мазут өндірісі біршама азайса, ал бензиндікі керісінше біршама артқан.

Мәлімдеме: Жылдың қорытындысы бойынша сауда нарығын отандық өнімдермен қамтамасыз ету көлемі: бензин – 92,2%, дизотыны – 91,1%, авиакеросин – 62% болды.

Үкім: Шындық

(Статистикалық мәліметтермен салыстырғандағы айырмашылық шамалы ғана).

Мәлімдеме: Жыл соңында біз ішкі нарықты 100% бензинмен, жылдың екінші жартысында дизель отынымен және авиакеросинмен де 100% қамтыдық.

Үкім: Жартылай шындық

Жыл соңында отандық нарықты аталған өнімдермен қамту 100%-ға жеткен жоқ.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің сайтындағы 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасында ресурстар және өнімдердің (тауардың) және шикізаттың бөлек түрлерін пайдалану құжатын қараймыз.


Нефть в Казахстане

Нефть Казахстана

Нефть Казахстана

Нефть Казахстана

Осылайша, мотор бензинінің импорты бойынша жыл қорытындысы – 9,5%-ды құрады, ал жыл соңында – желтоқсанда 1,7%; дизель отыны – 6,7% және 9,1%; мотор отыны (бензин, авиациялықты қосқанда) – 9,5% және 1,7%; керосин бойынша – 34,9% және 5,4%.

Мынадай түйін шығарамыз:

  • жыл қорытындысы бойынша нарықты отандық мотор бензинімен қамту 90,5% болды.
  • дизель отынымен – 93,3%,
  • мотор отынымен (бензин, авиациялықты қосқанда) – 90,5%,
  • керосин – 65,1%.
    өткен жылдың соңына қарай – желтоқсанда нарықты отандық мотор бензинімен қамту – 98,3% болды,
  • дизел отынымен – 90,9%,
  • мотор отынымен (бензин, авиациялықты қосқанда) – 98,3%,
  • керосинмен 94,6%.

Көріп отырғанымыздай, министр мен Статистика комитетінің мәліметтерінің кейбірінде шамалы, ал кейбірінде үлкен айырмашылық байқалады. Министрдің ішкі нарықты мұнай өнімдерінің негізгі түрлерімен толық қамтимыз деген жорамалы 2019 жылы жүзеге асады деп сенеміз.

Айгерим Мекишева
Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)