Facebook лентада посттардың жариялануын түсіндіре бастады

Әлемде ең танымал желілердің бірі енді өзінің әрекеттерін “түсіндіре” бастады. Бұдан былай Facebook қолданушысы өз лентасындағы посттың жариялануы туралы яғни оның бұны не үшін көріп отырғаны туралы ақпарат ала алады. Хабарлама әлеуметтік желінің арнайы бөлімінде жарық көрді.

“Мен бұл постты не үшін көріп отырмын?” (“Why am I seeing this post?”) батырмасын посттың жоғарғы он жақ бөлігіндегі контексті меню арқылы қосуға болады. Бұл функцияның көмегімен қолданушылар өздерінің бұған дейін автордың қандай посттарын қарағанын, пікір жазып не лайк басқанын көріп қана қоймай, осы секілді посттардың өз лентасында болуын не болмауын қадағалай алады. Бұдан өзге, жазбаны тығып қоюға да болады.

“Мен бұл постты не үшін көріп отырмын?” (“Why am I seeing this post?”) ескертпесі 1 сәуірге дейін тек жарнама посттарында ғана болатын еді. Енді аталмыш функция қарапайым тұтынушыларға да қолжетімді және мамырдың ортасына дейін барлық қолданушыны қамтуды жоспарлауда.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz