Еркектің адалдығын бетіне қарап анықтау жайлы ақпарат бұрмаланған

Еркектің көзге шөп салуға бейімділігін бетіне қарап анықтауға болады деген ақпарат журналистер тарапынан бұрмаланған. Бұл жайлы RTVI  хабарлады. Басылым Ресейдегі бірқатар БАҚ таратқан жаңалықты тексерді.

Мысалы, «Ридус» басылымының хабарлауынша австралиялық ғалымдар бет әлпетін “қатыгез” деп сиппаттауға болатын ер адам әйелінің көзіне шөп салуға бейім. Сондай-ақ, адал емес еркектің төменгі жағы үлкен, қабақ үсті сүйектері шығыңқы және жұқа ерінді. Алайда, ғалымдар адал емес әйелдерге тән ерекшелікті анықтай алмады.

RTVI журналистері бастапқы дерек көзіндегі ақпаратты тексеріп көрді.   

Ғалымдар адал емес адамдарды тану бойынша ешқандай нұсқаулық бермегендері анықталды. 

Негізінде не болды?

Батыс Австралия университетінің психологтары зерттеуге қатысушыларға суреттегі адамдардың көзге шөп салуға бейімділігін бағалауын сұрады. Оларға 189 әйел мен еркектің суреті көрсетілді. Ғалымдар қай әйелдің, еркектің серігінің көзіне шөп салғанын білген еді.

Еркектің адалдығын бетіне қарап анықтау жайлы ақпарат бұрмаланған

Қатысушылардың 14,1%-18% адал емес еркекті, ал 0,9%-4% адал емес әйелді тапқан. Сол себепті зерттеудің нәтижелері адал емес адамдарға тән бет ерекшеліктерін көрсетпейді. Зерттеудің авторлары да адамның моральдық қасиеттерін сыртқы келбетке қарап бағалауға болмайтынын ескертті. 

Оған қарамастан ондаған орыс тілді басылымдар адал емес еркекті бетіне қарап анықтау болатын «қарапайым тәсілдер» жайлы жарыса жазды. Кейбір басылымдар психологтардан сұхбат алып, блогерлердің пікірін сұрады. 

Ал кейбір басылымдар зерттеудің нәтижесін сенсация айналдырып, әйелдер ерлерге қарағанда опасыздығын жақсы жасыра алады деген мақалалар жариялады.

RTVI-дің дерегіне сүйенсек, ақпаратты РЕН ТВ және «Вечерняя Москва» басылымдарымен қоса 43 медиа таратты. 

Factcheck.kz