Эквадор президенті: Ассанж елшілікті «тыңшылық орталығы» ретінде пайдаланған

Эквадор президенті Джулиан Ассанжға саяси баспана беруден неге бастартқанын айтты. Guardian журналисті мемлекет басшысы Ленин Моренодан сұхбат алды.

Морено сұхбатында Джулиан Ассанж елшілікті мекендеу ережелерін бірнеше рет бұзғанын айтты. Сондай-ақ, журналист Эквадордың Лондондағы дипломатиялық өкілеттілігін  «тыңшылық орталығы» ретінде пайдаланды деді.

Президент Ұлыбритания билігінен  Ассанждың негізгі құқықтары қорғалатыны және өлім жазасына тартылмайтыны жөнінде ресми хат алған.

Ассанж әскери барлау қызметінің бұрынғы сарапшысы Челси Мэннингпен үкіметтің жасырын компьютерін бұзу мақсатында сөз байласты деп айып тағылғаны үшін АҚШ-қа экстрадациялауға қарсы шығады деп күтілуде. Сонымен қатар, Швеция билігі зорлау ісі бойынша тергеуді қайта бастамақ.

Sky News-тің хабарлауынша мемлекет Джулиан Ассанждың зорлау ісін қайта бастаса, Швеция тергеушілерімен біріге жұмыс істеуге дайын екенін айтты.  Викиликстің негізін қалаушы Ассанждың қорғаушысының британдық арнаға берген сұхбатында Стокгольм Ассанжды АҚШ-қа бермейтіні жайлы кепілдеме талап ететіндерін айтты.

Ұлыбританияға экстрадациялау жайлы сұранымдар көп болған жағдайда ішкі істер министрлігі қай елге басымдық беретінін шешеді дейді Guardian .

WikiLeaks-тің құрылтайшысы 2012  жылғы кепіл шартын бұзғаны үшін 12-ға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.   

Джулиан Ассанж аса құпия құжаттарды, билік өкілдерінің хаттарын, сыбайлас жемқорлық туралы деректерді жұртқа жариялағаннан бастап атақты болды. Ол 2010 жылы жыныстық зорлық көрсетті деген күдікпен қамалып, кейіннен кепілмен босатылды. Ассанж 2012 жылы маусымның 9-ы Эквадор елшілігіне саяси баспана беру туралы өтінішімен келді және британ полициясы тұтқындағанға  дейін ол жерден шықпаған. Себебі, Эквадор мемлекеті Ассанжға саяси баспана беруден бас тартқан болатын.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz