Белсенді Бейбарыс Толымбековты әскер алып кетті

«Шындықтан қаша алмайсын» деген жазуы бар баннермен шыққан белсенділердің бірін Бейбарыс Толымбековты әскерге алып кетті. Бұл жайлы құқық қорғаушы Татьяна Чернобиль фейсбук парақшасында жазды.  

Татьяна жазбасында «Алматыда өткен марафонда “Шындықтан қаша алмайсын” деген баннермен шыққаны үшін 15 тәулікке қамалған азаматтық және эко белсенді Бейбарыс Толымбековты әскерге алып кетті. Оған достарымен, жақындарымен қоштасуға мүмкіндік бермеді» деп пікірін білдірді. 

Vlast.kz басылымының журналисті Толымбековпен телефон арқылы сөйлесе алды. Бейбарыс:

«Арнайы форма беріп, Отарға әкетіп бара жатыр. Сіздерді (достарын және тілшілерді) кіргізбеген сияқты. Әскер түрін білмеймін. Сержанттарды дайындайтын жер деп айтты. Түсініктеме жазып, кейінге шегеруді сұрадым. Психиатрмен сөйлесіп, бәрін көрсеттім. Бастықтардың бәрі әскерге жібергісі келеді. Сіздерді кіргізбегендері өкінішті екен. Қазір Алматы-1 вокзалына апарып, пойызға салып жібереді. Қоштаса алмағаным өкінішті. Достарымды кіргізуін сұрап едім, сап түзеңдер деді»  

Әсем Жапишева Бейбарысты видеоға түсіріп алуға тырысты. Видеода Бейбарысқа белгісіз әскер кедергі келтіріп, сөйлетпей қойды.

Белсендіні әскерге баннер оқиғасы болмай тұрып шақырған болатын. Бейбіт акциядан соң Бейбарысты және Асия Тулесованы тұтқындады. Бостандыққа шыққаннан соң ертесіне Толымбековты жинау орнына әкетті. Бейбарыс неліктен әскерге барғысы келмейтінін айтып түсініктеме жазды. Түсініктемеді өз құқығын қорғауды жалғастырғысы келетінін айтты. Vlast.kz сайтына берген сұхбатында Бейбарыс әскерге баруды саяси және қоғамдық шындықтан қашу екенін және әскер қатарында қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтты. 

Контекст

Алматыдағы марафон кезінде Асия Тулесова, Айгүл Нұрболатова, Сүйінбике Сүлейменова және Бейбарыс Толымбеков «От правды не убежишь», «#У меня есть выбор» деген жазулары бар плакаттарды алып шықты. Кейіннен полиция оларды ұстап әкетті. Әкімшілік істер бойынша мамандырылған ауданаралық сот бұл істі түнге дейін қарастырды.

Сот әкімшілік құқық бұзушылық коддекстің 488 баптың  3 тармағына сәйкес белсенділер Асия Тулесова мен Бейбарыс Толымбековті 15 тәулікке дейін қамауға алды. Келесі күні сот Айгүл Нұрболатова, Айдос Нұрболатов пен Сүйінбике Сүлейменоваға айыппұл салды.

Сәуірдің 29-ы Роман Захаров «Әл-Фараби — Достық» көшелерінің қиылысында Конституциядан үзінді келтірген баннерді ілгені үшін тұтқындалды.Захаров аудандық басқармаға жеткізіліп, кейіннен сот алдында жауап берді. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке дейін бас бостандығынан айрылды. Кейіннен шешім өзгертілді.

Factcheck.kz