БАҚ туралы заңға енгізілген өзгерістер: АжКМ дәлелдерін тексеру

2017 жылғы 21 желтоқсан күні Қазақстан Парламентінің жоғарғы палатасы бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдар арасында қызу талқыға түскен «Ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады. Шын мәнінде бұл заң тек БАҚ өкілдеріне ғана емес, Қазақстанда тіркелген блог платформада жеке блог жүргізетіндерге де қатысты болғанымен (басқа блогтарға қатысты мәселе заң жағынан әлі айқын емес), қоғам аса қатты қызығушылық таныта қойған жоқ. Мәжіліс мақұлдағанға дейін-ақ құжаттағы маңызды өзгертулер жөнінде мейлінше нақты әрі егжей-тегжейлі жазған «Открытая Азия Онлайн» болды.  

Бұл түзетулер қандай қажеттіліктен туып отыр? Заң жобасына қатысы барлардың арасында ел алдында оның қажет екенін айтып шыққан жалғыз адам Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев болды. Біз министрдің мәлімдемесі мен фактілерді салыстыра отырып, өзімізше экспертиза жасап көрген едік.

Түзету саны

Сонымен, Дәурен Абаевтың айтуынша:

Бұл заң жобасына 280 түзету енгізіліп отыр, оның әрқайсысы жыл бойы журналистердің және басқа да БАҚ өкілдерінің қатысуымен жан-жақты талқыланды, олардың мүдделері де ескерусіз қалған жоқ, сауалдары да ескерілді. 

Үкімі жоқ. Министр келтірген цифрдың нақтылығын тексеру, өкінішке қарай, мүмкін болмады. Өйткені бастапқыда қоғам назарына ұсынылған заң жобасы айтарлықтай өзгертуге ұшырады, жоба жұмыс тобының мүшелеріне салыстырмалы кесте түрінде үлестірілген болатын.

Ал Сенат мақұлдаған заң жобасы үкіметтік емес ұйым өкілдеріне «басу өте ауқымды» болғандықтан (орындаушылар тарапынан) берілмеді. Электронды поштаға жіберу жөніндегі өтініштер де қанағаттандырылмады.

Құпия және теріске шығару

«Енді азамат талап ететін болса, БАҚ жазылған дүниеге дәлел ұсынуы тиіс, егер дәлелі болмаса, терістеу жариялауға тура келеді»

(Дереккөз: Д.Абаевтың 2017 жылдың 27 қыркүйегіндегі видеосы).

Манипуляция. ҚР Конституциясы 77-бабының 3-тармағына сәйкес, «айыпталушы өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес», яғни нормативті-құқықтық актілер иерархиясында одан төмен тұрған заң жобасы кінәсіздік презумпциясын жоққа шығара алмайды.

Бірқатар БАҚ бұл түзету (Ескерту – банктік, жеке, отбасылық және басқа құпияға қатысты) журналистік зерттеу жүргізудің жолын жабады деп есептейді. Жемқорлық істерін журналистік зерттеудің өзі коммепциялық және банктік құпияны ашады дейді
(Осы және бұдан кейінгі дереккөз: Д.Абаевтың 2017 жылғы 27 қыркүйектегі видеосы).

БАҚ туралы заңға енгізілген өзгерістер: АжКМ дәлелдерін тексеру

Манипуляция. Шын мәнінде бұқаралық ақпарат құралдары коммерциялық емес, отбасылық құпия түсінігінің мәнін ашу мәселесіне көбірек бас ауыртты.

Өйткені, ҚР Конституциясы отбасылық және жеке құпияға нақты анықтама бермейді:

БАҚ туралы заңға енгізілген өзгерістер: АжКМ дәлелдерін тексеру    

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» кодексінде де мұның анықтамасы анық көрсетілмеген:

БАҚ туралы заңға енгізілген өзгерістер: АжКМ дәлелдерін тексеру

Ұғымның анықтамасы нақты болмаған жағдайда оны тергеу немесе сот органдарының қалай түсінетінін болжап білу қиын, мұны ҚР ҚК 174-бабына қатысты жағдайдан анық көруге болады.

Дағдарыс жағдайлары туралы

Ақпаратты тексеріп, артынан қауесетті жоққа шығаратын терістеу беру үшін күштік құрылым өкілдері айтарлықтай күш жұмсауға тура келді (Ескерту – әңгіме лаңкес Күлікбаевтың Алматы қаласындағы шабуылына қатысты тараған қауесеттер туралы). Осының өзі кәсіби деңгейдің дұрыс еместігінің айғағы.

Шындық. Ол сәтте шын мәнінде 2016 жылдың 5 мамырында құрылған Ақпарат және коммуникациялар министрлігі бар күш-жігеріп жұмсады, ал «дағдарыс кезінде коммуникацияның мейлінше өтімді үлгісін құру; халықпен өзара әрекеттесу жолын қамтамасыз ету» оның негізгі қызметінің бірі болатын. Күштік құрылымдар қылмыскерді қарусыздандырып, қоғамдық тәртіп орнатып, қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысуы тиіс еді.

Сұрауларға жауап беру мерзімі жөнінде

Соңғы жылдары БАҚ тарапынан жіберілетін сұрау саны ондаған есе артқан. Алайда уақыттың шектеулі болуы мемлекеттік органдардың үстірт жауап беруіне алып келеді.

Манипуляция. Заң шығарушылар мен министр Абаев журналистердің жұмысын жетілдіре түсу үшін олардың жауапкершілігін күшейтуді ұсынып отырғаннан кейін дәл осы талапты келесі тарапқа, яғни сауалға жауап беріп, ақпарат беруі тиіс тарапқа да қою қисынды болар еді.

Бірақ, толық емес ақпарат ұсынғаны, ақпаратты уақтылы немесе талапқа сай бермегені үшін ақпарат беруі тиіс тараптың жауапкершілігін арттыру бойынша әкімшілік кодекске өзгерту енгізу жөніндегі қоғам, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің ұсынысын заң жобасын жасаушылар жобаны қарастыру және өзгертудің ешбір кезеңінде енгізбеді.

Халықаралық тәжрибеге жүгіну

Бұл талапты ақтап алу үшін министр басқа елдердегі сұрауға жауап беру мерзімін мысал ретінде келтірді: Финляндияда 14 күн, АҚШ, Мексика мен Ұлыбританияда 20 күннен, Канадада 30 күн.

БАҚ туралы заңға енгізілген өзгерістер: АжКМ дәлелдерін тексеру

Жартылай шындық. Шынында да, аталған елдерде журналистердің сауалы осынша уақытта қаралады. Дегенмен, мұнда да біраз кілтипан бар.

Ұлыбритания заңнамасы жауапты «мейлінше тез, бірақ 20 күннен кем емес мерзімде беруді» қарастырады.

Финляндиянағыз біз үлгі алатын ел. Сұрауға жауапты ұзағырақ күтетін шығар, бірақ ол елде ақпаратқа қолжетімділік тұрғысынан алғанда жеке азаматтардың салық мәліметтері де ашық және финн саясаткерлері мен іскер азаматтары да салыстырмалы түрде ашық (Дереккөз – finland.fi).

БАҚ туралы заңға енгізілген өзгерістер: АжКМ дәлелдерін тексеруАбаевтың АҚШ пен Канаданы мысалға келтіруі де аса сәтті болды дей алмаймыз, өйткені «Репортеры без границ» мәліметінше, мұнда баспасөз бостандығына қатысты жағдай тұрақсыз және тағы да осы ұйымның айтуынша, жылдан-жылға нашарлап барады. Экс-президент Обаманың әкімшілігін журналистердің құқығын шектеу мен цензураға қатысты айыптаса, АҚШ әділет министрлігі журналистерді тыңдағаны үшін айыпты болды, тағы бір жарқын мысал – Трамп пен БАҚ тайталасы. Сөз бостандығы индексінде АҚШ 2017 жылы 44-орында болған (15 жылда 27 орынға дейін түсіп кеткен). Канада да төмен сырғып барады, 2002 жылы бесінші болған ел 2017-де 22-орында.

АҚШ та, Канада да бұл индексте Қазақстаннан 113 және 115 позиция алда. Дәурен Абаев келтірген ең сәтсіз мысал – Мексика: сөз бостандығы индексінде бұл ел 147-орында, Ресейден 1 орын, Қазақстаннан 10 орын ғана алда. Бұл елдегі сөз бостандығы мәселесі де өте шиеленісті және ол тек мемлекетпен қатынаста ғана емес, басқа салаларда да көрінеді.

БАҚ туралы заңға енгізілген өзгерістер: АжКМ дәлелдерін тексеру

«Мемлекеттік органдар үшін «алтын уақыт» ережесі өзгерген жоқ».

Жартылай шындық. Заң жобасының Сенат бекіткен нұсқасында: «Халықтың өмір сүру тәртібі бұзылған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар оқиға болғаннан кейін үш сағат ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлама беруге міндетті екені белгіленген».

Түзетулерге қатысты министр келтірген дәйектер, соның ішінде заң жобасы сот органдарына шағымданудан құтылуға көмектеседі дегені де күмән тудырмай қоймайды. Естеріңізге сала кетсек, Медиа құрылтай – 2017 шарасында «Мемлекеттік органдар сауалға жауап бермеген уақытта не істеген жөн?» деген сауалға орай министр Абаевтың өзі журналистерге сотқа жүгінуді ұсынған.

Factcheck.kz