Әкімдіктер “ақпараттық саясатты” жүргізуге қанша ақша алады?

2017 жылы Ақпарат және коммуникация министрлігі белсенділерге мемлекеттік ақпараттық тапсырысты тағайындауға қатысты деректерді беруден бас тартты. Мемлекеттік тапсырысты алғандар мен орындаушылар арасында бөлінген сомалар туралы мәлімет құпия қалды. Ол кезде мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыруға бюджеттен 2,069 млрд теңге бөлінген еді.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс ұғымы республикалық деңгейді ғана емес, өңірлік деңгейді де қамтиды. 17 өңір мемлекеттік сатып алу арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған қызметтерге 10,8 млрд теңге немесе жалпы сатып алулар көлемінің 71 пайызын жұмсайды.

Мұндай қызметке әкімдіктер жанындағы ішкі саясат басқармасы тапсырыс береді. 17 өңірді сатып алудың жалпы сомасы – 15,2 млрд теңге. Бұл материалда әкімдік бөлімшелерінің, ішкі саясат басқармаларының мемлекеттік сатып алу жоспарларын шолып шықтық.

Жалпы цифрлар


Жоспарланған сатып алудың ең үлкен сомасы Алматы мен Жамбыл облысына тиесілі — 2,1 млрд теңге. 1-2 млрд теңге арасындағы сома Жамбыл, Атырау, Түркістан облыстары мен Астанаға үлестірілген. Ең аз сома Алматы және Қарағанды облыстарына тиесілі (6 млн теңге және 14 млн теңге).

Мемлекеттік ақпараттық саясат

Мемлекеттік саясатты жүргізуге арналған қызметтер үлесі 12 өңірде сатып алу жалпы сомасының төрттен үшіне тең. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған қызметтердің ең көп үлесі Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Шымкент қаласында – 90%. Сатып алудың жартысын Астана қаласы (51%) және Ақмола облысы (61%), ең азы Түркістан облысы (7%) алады. Алматы және Қарағанды облыстарында сатып алудың мұндай түрі жоқ.

Толық картинаны көргіңіз келсе…

Зерттегіңіз келсе…

Бір көзден алу тәсілімен сатып алу ашық конкурс өтпеді деп танылған жағдайда және сатып алуға екіден аз субъект қатысқан жағдайда ғана іске асырылады. Сатып алуды жоспарлау сатысында қызметті бір көзден сатып алу заңды негіздемені талап етеді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 39-бабы 3-тармағында 50-ден астам тармақша бар. Бұл жемқорлық тәуекелі бар лоттарды өткізуге мүмкіндік береді.

Аздаған мысал

Мысалы, Ақтөбе облысында “ақпараттық материалдарды дайындау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау/орналастыру бойынша қызметтер” ешбір бәсекесіз 31 млн теңгеге лот өткізу жоспарланып отыр. Мұның негіздемесі — 39-баптың 3-тармағы — Қазақстан Республикасы заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

Алматы қаласы “ақпараттық материалдарды дайындау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау/орналастыру жөніндегі” 182 млн теңгелік қызметті бір көзден алу тәсілімен іске асырмақ. Негіздеме — 39-бап 3-тармағының 50-тармақшасы — егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті
осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жүзеге асырылатын жағдайда, мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті осындай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса, жүзеге асырылады.

Шығыс Қазақстан облысы да 157 млн теңгеге “бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық материалдарды орналастыру” қызметін бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жоспарлаған. Негіздеме — 39-бап 3-тармақтың 27-тармақшасы — мемлекеттік органның: дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының
заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерден; өзі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

Чингиз Уалихан
Журналист Factcheck.kz