Зомби-фейк | Бетінде тыртығы бар әйелдер экспериментіндегі өзін-өзі кемсіту

Желіде «1993 жылы әлдебір «Мейджор және Крукер» өткізген эксперимент» туралы пост қайта пайда болды. Посттың мағынасы келесідей: әйелдердің бетіне ұсқынсыз тыртықтар етіп грим жасайды, олар осы түрімен бейтаныс адамдармен әңгімелеседі, содан кейін «тыртықтарды» сүртіп тастайды, ал сынаққа қатысқандарды әңгімелесуге жіберген. Не болса да әңгімелесу барысында олар өздерін кемсітудің құрбандары ретінде сезінген. «Экспериментті» талдап көрейік.

Зомби-фейк | Бетінде тыртығы бар әйелдер экспериментіндегі өзін-өзі кемсіту

Үкім: Фейк

Бұған дейінгі осыған ұқсас мәтіндер сияқты, мұнда әртүрлі ғалымдар түрлі жылдарда өткізген эксперименттер бір жерге араластырылған. Ал әйелдердің өзін-өзі кемсіту мәселесі олардың ешқайсысында қарастырылмаған.

Мейджор және Крукер деген кім?

Олар жай ғана екі жігіт емес, олар профессорлар, бұған қоса әйелдер – Бренд Мейджор (PhD) және Дженнифер Крукер (PhD). Екеуі де әлеуметтік психология мәселелерімен айналысады және жоғарыда айтылған экспериментті өткізген емес. Мейджор мен Крукер екеуі және басқа әріптестерімен бірігіп жазған бірнеше ғылыми жұмыстары бар. Ол зерттеу әлеуметтік стигматизация және өзін-өзі бағалау байланысы мәселелеріне арналған:

  • Crocker, J., & Major, B. (1989). Social stigma and self-esteem: the self protective properties of stigma.
  • Crocker, J., & Major, B. (2003). The self-protective properties of stigma: evolution of a modern classic.
  • Crocker, J., Major, B., & Steele, C. (1998). Social stigma. In D. Gilbert, S. T. Fiske, & G. Lindzey (Eds.), Handbook of social psychology (4th ed.)
  • Crocker, J., Voelkl, K., Testa, M., & Major, B. (1991). Social stigma: the affective consequences of attributional ambiguity.

«Әлеуметтік стигма және өзін-өзі бағалау: стигманың өзін-өзі қорғау қасиеттері» (1989) атты алғашқы зерттеуінде олар стигматизацияланған топтардың мүшелері өзінің өзін-өзі бағалау қасиетін қалай қорғайтынын зерттейді. Бұл жұмыста көтерілген мәселелер грим туралы постқа қарағанда әлдеқайда күрделірек. Осыған қоса ол әйелдерді кемсіту мәселесіне байланысты емес. Алайда бұл екі ғалымда салмағы артық әйелдердің стигматизациясына қатысты «Артық салмақ таңбасы: атрибутивтік күрделіліктің аффективті салдары» деген зерттеулері де бар.

Сонымен беттегі тыртықтарға байланысты экспериментті кім жүргізді?

«Дартмут колледжінің психологы доктор Роберт Клек сыртқы келбеттің адамдардың өзі туралы не ойлайтынына қалай әсер ететінін көрсететін эксперимент жасаған. Зерттеушілер эксперимент үшін театр косметикасын пайдаланып, әйелдердің беттеріне «тыртық» жасайды. Алайда кейін әйелдерге білдіртпей оны сүртіп тастайды да, әдейі жалданған бейтаныс адамдармен кездестіреді. Әйелдердің айтуынша, оңаша әңгіме барысында бейтаныс адамдар оның «тыртығына» үңіле қараған, сондықтан олар өздерін ыңғайсыз сезінгенін» — бұл The New York Times-те 1991 жылы жарияланған мақаладан үзінді.

Роберт Клектің ғылыми еңбектерімен танысып шыққаннан кейінгі қорытынды, «тыртық» туралы мәселе кем дегенде екі бірлескен экспериментте кездеседі:

  • Біріншісі, 1984 жылдың маусым айында өткізілген «Физикалық мүгедектік және әлеуметтік өзара әрекеттесуді қабылдау: бұл сенің не нәрсеге қарағаның емес, қалай қараңаның» зерттеуі.
  • Екіншісі, «Гендер мен өзіндегі және өзгелердегі физикалық кемшіліктерге реакция» (1985 жылдың қыркүйек айы).

Бірінші жағдайда сыналушыларға өзара әрекеттесу ұсынылды: (а) физикалық жағдайы қалыпты адаммен; (Б) аллергиядан дәрі қабылдаушымен; (В) эпилепсиядан дәрі қабылдаушымен немесе (г) тыртығы бар адаммен.

Сипаттамада сыналушылардың жынысы көрсетілмейді және кемсітушілікке қатысты ешқандай қорытындылар жоқ.

Екінші жағдайда адамдарға өзінің әдеттегі және тыртығы бар суреттерін қарау ұсынылды. Кейін суреттерде тыртық, біресе сынаққа қатысқан адамның бетінде, біресе өзге адамда болды. Айта кетейік, экспериментке ерлер де, әйелдер де қатысты. Зерттеушілер субъектілердің өздерінің немесе өзгелердің бетінен көрген тыртықтар үшін теріс әлеуметтік проекциялардың сипатында немесе маңыздылығында ешқандай гендерлік айырмашылық болмайтынын байқамаған.

1980 жылы өткізілген тағы бір бірлескен зерттеу бар және оған тек қыздар ғана қатысты — Әлеуметтік өзара әрекеттесуге теріс бағаланған сипаттамалардың әсерін қабылдау. Бұл зерттеу келесі нәтижелерді көресетті: өз бойында теріс физикалық сипаттамалар бар деп санаған қыздар өзара әрекеттескен адамдардың мінез-құлқынан өздерінің кемшіліктеріне сәйкес келетін көзқарас тапқан. Бірақ бұл зерттеуде жалған тыртықтар туралы сөз жоқ.

Фото қайдан шыққан?

Ал, фейк суреттейтін фотоға келсек, Halloween макияжына арналған бейнетүсірілімнен алынған. Ол 2012 жылдың қыркүйек айында Youtube-ке салынған. Фотосуретті қалай тексеру керек екенін білгіңіз келсе, біздің әдістемелік бөлімді оқыңыз.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz