Жауап бермеді: Канада парламенті Цукербергтің қылығына наразы

Канада парламенті ел астанасы Оттаваға шақыртуды қабыл алмаған Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукербергтің қылығына наразы. Reuters-тің хабарлауынша осыған дейін Канада Цукербергті желідегі құпиялық, демократия және жалған ақпарат мәселелерін қозғайтын жиналысқа шақырды.  

Ондаған мемлекет, сонымен қатар Канада да «Деректер, құпиялық және демократия халықаралық ірі комитеттің» құрамына кіреді.  

Осымен жарты жылдың ішінде екі рет Цукерберг пен компанияның операциялық кеңсесінің басшысы Шерил Сэндберг комитетте сөз сөйлей алмайды.

Канаданың Жаңа демократиялық партиясының мүшесі Чарли Ангус Цукерберг пен Сандбергк “Канадаға балық аулауға келуді шешсе” ресми шақырту жіберетінін мәлімдеді. 

Жиналыстан соң канаданың либералды депутаты Натаниэль Эрскин-Смит агентікке берген сұхбатында “парламент Цукербергтің қылығын әдепсіздік деп біледі” деп айтты. 

Екі ай бұрын Цукерберг мақаласында «бүкіл әлемдегі заң шығарушылармен» комитет қарастыратын мәселелерді талқылауды «тағатсыздана күтетінін» жазған болатын.   

Жақында Эрскин-Смит «егер ол (Цукерберг) адал адам болғанында, бүгін қарсы алдымызда отырушы еді» деп айтты.  

Комитет мүшелерінің алдында Цукерберг пен Сандбергктің орнына Facebook-тегі ғаламдық саясат мәселелері бойынша басшылар Кевин Чан мен Нил Поттс сөз сөйледі.  

Лауазымы олардан да жоғары компания өкілдерінің болмауына байланысты сынға Поттс:

«Марк пен Шерил үкіметпен бірлесіп жұмыс істеуге жауапкершілікпен қарайды. Бүгінгі жиналыста біздің болуымызды қалады» деп жауап берді. 

Нәтижесінде комитет мүшелері Facebook-тің екі өкілін және Google мен Twitter-дің өкілдерін жалған ақпаратты қалай өңдейді және қолданушыларды қауіпсіздікпен қалай қамтамасыз ететіні жайлы сұрақтардың астына алды.  

Қазан айында Канадада парламент сайлауы өтеді. Сайлауға сыртқы күштердің әсер ету қаупі бар. Канаданың қауіпсіздік қызметі саяси партиялардың кибержүйесінің қорғаламағанын айтып дабыл қағуда.

Осы оқиғалар аясында Канада мен Facebook арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсті. 

Өткен дүйсенбіде Facebook, Microsoft және Google компаниялары Демократиялық институттар министрі Карина Гулд жариялаған әділ сайлау жайлы «декларацияға» қол қойды. Құжат интернет-компанияларды жалған ақпарат пен фейк жаңалықтармен, жалған аккаунтармен күресу шараларын күшейтуді міндеттейді.

Factcheck.kz