Жартылай шындық | Қазақстан дұрыс тамақтанбаудан көз жұму деңгейі жоғары он ел қатарында

Қаңтардың 15-інде Tengrinews порталы Еуропа эпидемиология журналының (импакт-факторы жоғары) қаңтардағы номерінде жарияланған ғалымдар тобының зерттеуін көшіріп басты. Зерттеуде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аумағындағы тамақтану мен жүрек-қан тамыр аурулары арасындағы байланыс көрсетілген. Қазақстандық портал бұған мән бермей, “зерттеушілер азаматтары дұрыс тамақтанбаудан жиі көз жұматын елдер рейтингін жасады, Қазақстан – ондықта” деп жазды.

Үкім: Жартылай шындық

Қазақстан дұрыс тамақтанбаудан болатын жүрек-қан тамыр ауруларынан көз жұму деңгейі жоғары он елдің қатарына расымен кірген (100 мың адамға шаққанда). Бірақ ғылыми жұмыста қарастырылған үш өлшемнің бірі бойынша ғана. Мұндай өлім-жітімнің абсолют көрсеткіші және қазаға ұшыратқан барлық себеп арасында нашар тамақтану факторының үлесі бойынша Қазақстан ондыққа кірмейді.

Алдымен мынаған мән берейік – зерттеушілер қандай да бір рейтинг жасауды мақсат тұтпаған – жарияланған мәліметте елдер атауы кестеге құрылған және алфавит реттілігімен жазылған. Оған қоса журналистер бұл рейтингіде әлемнің барлық елі емес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аумағына кіретін 51 мемлекет қамтылғанын жазуы керек еді:

Жартылай шындық | Қазақстан дұрыс тамақтанбаудан көз жұму деңгейі жоғары он ел қатарында

2016 жылғы деректерге сүйеніп жасалған рейтинг нашар астан өлу себебін мынадай үш өлшем бойынша есептейді:

  1. Диеталық қатер факторлары алып келген жүрек-қан тамыр ауруларынан болған өлім-жітімнің жалпы саны. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан топ-10 ел қатарына кірмейді – бұл санат бойынша 40 мың өлім-жітім тіркелген Астана рейтингіде 13-орында тұр. Алда тұрған үш елдің топ бастауына халық саны әсер еткен – Ресей (600 мың өлім-жітім), Украина (253 мың) және Германия (165 мың адам).
  2. Диеталық қатер факторлары алып келген жүрек-қан тамыр ауруларынан болған өлім-жітім жалпы өлім-жітімдегі үлесі. Қазақстан мұнда да ондыққа кірмейді: қазақстандықтар тек 29,5 пайыз жағдайда ғана дұрыс тамақтанбау ушықтырып жіберген жүрек-қан тамыр ауруларынан көз жұмады. Астана Еуропа бойынша 13-орында. Зерттеушілер жасаған чарттың көп бөлігін алып тұрған үш ел – Украина (38,2%), Беларусь (36,8%) және Грузия (34,4%).
  3. Диеталық қатер факторлары алып келген жүрек-қан тамыр ауруларынан болған өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққандағы үлесі. Тап осы жағдайда Қазақстан Еуропа бойынша өлім-жітім жоғары елдер қатарына кіреді деп айтуға болады. 2016 жылғы деректерге сүйеніп жасалған зерттеу бойынша, 100 мың қазақстандықтың 306-сы жүрек-қан тамырлар ауруынан қаза тапқан. Бұл дертке шалдығуға әкелген факторлар қатарында дұрыс тамақтанбау да бар. Республика рейтингінің тоғызыншы орнында тұр. Көш бастап тұрған елдер – Өзбекстан (394 жағдай), Түркіменстан (376 жағдай) және Қырғызстан (350 жағдай).

Зерттеушілер жүрек-қан тамыр ауруларының пайда болуына әкеп соқтыратын 12 ас тобын ғана есепке алған. Қазақстанның жеке профайлына қарасаңыз, ел азаматтарының пайдалы дәнді ас, жеміс пен жаңғақтар аз жейтінін көруге болады. Ішер асында тұздың көп болуы – ауруға әкеп соғатын негізгі фактор емес.

Жартылай шындық | Қазақстан дұрыс тамақтанбаудан көз жұму деңгейі жоғары он ел қатарында

Дегенмен бұл зерттеудегі деректерді қолданбас бұрын ескере кететін бірнеше фактор бар.

Біріншіден, рейтингіні жасау кезінде есепке алынған түрлі ел азаматтарының қалай тамақтанатыны туралы деректер сенімді-сенімсіз түрлі ақпарат көздерінен алынған.

Екіншіден, бұл жұмысқа негіз болған зерттеу негізінен Азия елдерінен гөрі Еуропа мен Солтүстік Америка азаматтарының тұрмысын аңдатады.

Үшіншіден, әр ел деректі өзінше шығарады. Мәселен, пайдалы дәнді асты тұтыну мөлшерін есептеудің ортақ өлшемі жоқ.

Төртіншіден, еңбек авторлары зерттеу жұмысында жүрек-қан тамырлары ауруларына әкеп соқтыратыны көрсетілген азық-түліктен басқа өнімдер де болуы мүмкін екенін, олардың бұл зерттеуде есепке алынбағанын айтады.

Журналист-аналитик. Магистр социальных наук

Factcheck.kz