Жаңартылған Telegram-да үнсіз хабарлама жіберу қызметі пайда болды

Telegram мессенджерінің жаңартылған нұсқасында үнсіз хабарламаларды жіберу жаңа функциясы пайда болды.  Жаңа қызмет жайлы компанияның жеке блогы және «Лига.Tech»  басылымы хабарлады.

Енді мессенджерде сөйлесіп отырған адамның қосымшасында “дыбыссыз” режим қосылмаған болса да, дыбыссыз хабарлар жіберу мүмкіндігі бар.

Ол үшін ұмобильді қосымшада “жіберу” батырмасын бірнеше секунд ұстап тұрыңыз, содан кейін “дыбыссыз жіберу” батырмасын басу керек. Компьютерге арналған нұсқада функцияны тінтуірдің оң жақ батырмасын басу арқылы қолдануға болады.

Сонымен қатар, топтық чат админдері хабарларды жіберу аралығын қолдан реттей алады. “Баяу режимінде” әрбір қатысушы белгіленген уақыт ішінде бір ғана хабарлама жібере алады. Келесі хабарды жібергенге дейін қанша уақыт қалғанын көру үшін арнайы таймер арқылы жүзеге асырылады.

Чат иелері енді негізін қалаушы” немесе “модератор” деп қызметін көрсете алады.