Полицияны реформалау туралы әңгіме қызу талқыға түскелі “За реформу МВД” (ІІМ реформасын талап етеміз – ред.) азаматтық бастамасы “Қазақстанның жаңа полициясы” концепциясын жасап, үкіметке таныстырды. Концепцияда Ішкі істер министрлігінің реформасы мен полицияның сервистік моделін құру бойынша 112 ұсыныс бар.
[google-drive-embed url=”https://drive.google.com/file/d/1o0WegcbRf-tfr2VSMKmp4uvvRUeHbaNa/preview?usp=drivesdk” title=”2018-08-RUS-Police-Reform-KZ.pdf” icon=”https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/application/pdf” width=”100%” height=”400″ style=”embed”]
Қоғам талабына жауап ретінде 2018 жылдың соңында Ішкі істер министрлігі мен Президент әкімшілігі бірігіп, ішкі істер органдарын модернизациялаудың 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын таныстырды.
5 сәуірде Алматыда өткен жиында азаматтар ұсынысының ескерілгені хабарланды. Белсенділердің бірінің жазуынша, Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайдичи “ІІМ жол картасында азаматтар ұсынысының 80 пайызы есепке алынды” деген.
Factcheck.kz редакциясы азаматтық бастама жасаған концепция мен Ішкі істер министрлігінің сайтында жарияланған жол картасын салыстырып көрді.
Үкім: Жалған
Редакция жүргізген сараптама қорытындысы бойынша, еріктілердің 112 ұсынысының толықтай – 18-і, жартылай оны ғана ескерілген. Қалған 84-і мүлде есепке алынбаған.
Қуанатын не бар?
Жол картасында белсенділердің кейбір ұсыныстары расымен ескерілген. Олар мыналар:
- ІІМ университеттерін өзгерту
- дайындаудың жаңа форматын енгізу
- полицейлерге нысандар мен мәдени-көпшілік іс-шараларды күзету міндетін жүктемеу
- полиция киіміне камера орнатып, жазбаны сақтауын міндеттеу
- диспетчерлік қызметтің мүмкіндігін арттыру
- бюджетті оңтайландыру
- фронт-кеңселер ашу
- азаматтармен қатынастың жаңа форматын жолға қою.
“Әттеген-айлар”
Министрліктің жол картасында мына пунктілерге қатысты ұсыныстарды ескерілмеген:
- әкімшілік және саяси функцияларды бөлу
- азаматтық министр
- полиция қызметіне парламенттік және қоғамдық бақылау жүргізу.
Жауапсыз қалған ұсыныстар да бар:
- ІІМ құрылымдық реформалауға қатысты ұсыныстар
- полицияны бейсаясиландыру
- адам құқығы қағидаларын енгізу
- полициялар мәслихатқа есеп беретіндей етіп жекелендіру және тағы басқа ұсыныстар.
Өзіңіз бақылап көру үшін жаңа полиция концепция мен министрліктің жол картасын ұсынамыз.
- Салыстыру кестесі
[google-drive-embed url=”https://docs.google.com/spreadsheets/d/1fEoZjM0hyzSNZKiJKWPqy72uzVGr8Nhx8NpuYtHqRWw/preview?usp=drivesdk” title=”Реформа МВД 2019″ icon=”https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/application/vnd.google-apps.spreadsheet” width=”100%” height=”400″ style=”embed”]
2. Жол картасы жобасы
doroj_karta_rus