ЖАЛҒАН: ОЖСБ (ВОУД) тапсырмаған студент дипломнан қағылады

Үкім: Жалған

Оқу жетістігін сырттау бақылауды (ОЖСБ) тапсыруға студенттер тегіс қатысады. Қатыспай қалған студентке диплом берілмейді деген сөз – жалған.

“Оқу жетістігін сырттай бақылау (ОЖСБ) тапсырмаса, диплом алмайды”. Алматы және Астана қалаларындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында тараған кең тараған бұл қауесет шындыққа жанаспайды. Factcheck.kz тілшісі ақпараттың ақ-қарасын анықтап көрді.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке осы мәселеге орай Электронды үкімет арқылы сауал жолдаған едік.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес және 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2012 жылдан бастап оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) енгізілді. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:

1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;

2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;

3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау. ОЖСБ жүргізудің мақсаты білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда көзделген орта  білімнің оқу бағдарламаларын және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау болып табылады.

ОЖСБ меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, түрлеріне қарамастан орта және жоғары білім беру ұйымдарында өткізіледі. ОЖСБ қорытындысы – білім беру ұйымдары көрсеткен білім беру қызметінің сапасының куәсі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығымен бекітілген Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларына сәйкес ОЖСБ тестілеуге жататын қатысушы білім алушылар контингенті құрамының 100 пайыз қатысуын көздейді. Осы рәсімнің қорытындысы бойынша жоғары оқу орындарының рейтингі анықталады. Студенттер үшін ОЖСБ құқықтық салдарға әкеліп соқпайды.

ЖАЛҒАН: ОЖСБ (ВОУД) тапсырмаған студент дипломнан қағылады
Скриншот dialog.egov.kz порталынан
ЖАЛҒАН: ОЖСБ (ВОУД) тапсырмаған студент дипломнан қағылады
Скриншот dialog.egov.kz порталынан

Министрдің берген жауабын артынша Бірінші басшының баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Арман Жүнісов те растады.

ЖАЛҒАН: ОЖСБ (ВОУД) тапсырмаған студент дипломнан қағылады

 

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz