Жалған: Қытайлық азамат туристерді Чернобыльдың орнына Челябинске апарған

Өткен аптаның фейктерінің бірі қытайлық пысық азамат Ляо Гаоминг жайлы жаңалық болды. Ресей басылымы «Ридус»-тың хабарлауынша Ляо Гаоминг қытайлық туристерді Чернобыль деп, Челябинск пен Копейск қалаларына апарған. 

Ақпаратты алғашқылардың бірі болып «Панорама» сайты жариялады. «Ридустың» хабарлауынша бұл сайт жалған ақпарат таратумен айналысады. Алайда, пысық қытайлық жайлы ақпарат тек әлеуметтік желілерде емес, сонымен қатар түрлі БАҚ беттерінде жарияланып үлгерген. 

Украинадағы «Комсомольская правда» басылымы Ляо Гаомингті «бізді таңқалдырған 5 адам» тізіміне кіргізді. Ал ресейлік «Газета.ру» жаңалықты «Панорамаға» емес (сайтта мақала 12 маусым жарияланды), «В Курсе.ру» (мақала 17 маусым пайда болды) басылымына сілтеме жасап, хабарлады. 

Естеріңізде болса осыған дейін «Панорама» таратқан бірнеше фейк ақпаратты тексерген болатынбыз.

Factcheck.kz