ЖАЛҒАН | Елімізде бар-жоғы 200 фармаколог бар

Baq.kz сайтында мамырдың 10-ы күні «Елімізде бар-жоғы 200 фармаколог бар» деген тақырыппен  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бейбіт Майлыбаев мырзаның мәлімдесі жарияланған болатын. Депутат еліміздегі фармаколог мамандардың тапшылығын, атап айтқанда 900  маманның жетіспейтінін айтқан болатын.

Baq.kz
Baq.kz сайтынан скрин

Үкім: Жалған

Ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдаған болатынбыз. Министрліктің Ғылым және адами ресурстар департаментінің бізге берген жауабы бойынша, бүгінгі таңда Денсаулық сақтау жүйесінде 57 фармаколог жұмыс істейді. 2017 жылғы 1 қаңтардағы статистикалық деректер бойынша (жұмыспен қамтылмаған лауазымдар бойынша), 40 (штаттық бірлік) фармаколог жетіспейді.

farmakolog
Инфографика: «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша резидентураға бөлінген орын саны.
Авторы: Думан Смақов

 

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz