Жалған | Астана балабақшаларына жолдама беру басталды

Білім беру басқармасы WhatsApp желісіндегі тарап жатқан ақпарат жайлы түсініктеме берді деп хабарлады Zakon.kz.

Таралып жатқан хабарламада «құрметті ата-аналар! Балабақшаға жолдама берілу мамырдың 13-інен басталады. Бірақ бүгіннен бастап сайтқа кіріп, балабақшадан орын қарастыруға кеңес береміз. Сондай-ақ, ақпарат тарату үшін ортақ чат ашыңыздар» деп айтылған. 

Білім беру басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Басқарманың баспасөз қызметінің жетекшісі Жазира Асанованың айтуынша бұл – жалған ақпарат. Асанова «Білім беру басқармасының тарапынан мұндай мәлімет таратылған жоқ. Мұндай жағдай бірнеше рет қайталанып жатыр. Негізінде жүйе күн сайын жаңа орындар ұсынады. Бар болғаны e.astana.kz сайтына кіріңіз» деп мәлімдеді.  

Мектепке дейінгі мекемеге жолдаманы электронды үкімет порталында электронды қолтаңба қолдану арқылы алуға болады.

Factcheck.kz