Зерттеу: адамдар жалған және біржақты ақпаратты ажырата алады

Огайо штаты университетінің зерттеушілері адамдар жалған ақпарат пен “біржақты” ақпаратты ажырата алатынын анықтады. Personality and Social Psychology Bulletin  ұйымының хабарлауынша жаңалықтардың дереккөзіне сенімділік оның әділдігіне де, адалдығына да байланысты.

Америка социологтары біржақты дереккөз қаншалықты тексерілген болса да,  сенімсіз болып қарастырылуы мүмкін деген қорытындыға келді.

«Егер сіз сенімді дереккөзі болғыңыз келсе, сіз бейтарап, адал және білікті болуыңыз керек. Мен аталар мен әжелерді мысалға келтіремін. Мысалы, аталар мен әжелердің шынайы екеніне көбі келіседі. Алайда, бір ата оның немересі Джонни ең мықты футболист екенін айтса, адамдардың көбі күліп қоя салады. Бірақ, оған ешкім сенбейді, себебі ол бейтарап емес. » дейді зерттеу авторларының бірі Лора Уоллес.  

Осыған дейін Pew Search Center америкалықтардың жартысы фактчекерлерді бейтарап деп есептемейді деген қорытындыға келді. Зерттеу орталығы сауалнама жүргізіп, респонденттің пікірі оның қай партияның бағытын ұстанатынына да байланысты екенін анықтады.

Factcheck.kz