«Яндекс» компаниясының кірісі өсті

«Яндекс» компаниясының I тоқсандағы кірісі 45%-ға, яғни 37,3 миллиард рубльге өсті («Яндекс.Маркет» көрсеткішін есепке алмағанда). Компанияның кірісі жайлы «Ведомости» хабарлады.

Компанияның таза табысы аудиттелмеген қаржының нәтижесінде 49%-ға 6,2 млрд рубльге дейін өсті.

Мысалы, «Яндекс.Такси» қызметінің бірінші тоқсандағы табысы 145%-ға, 7,6 миллиард рубльге жетіп, «Яндекстің» жалпы кірісінің 20% құрайды. Медиақызметтің табысы 74%-ға, 734 миллион рубльге жетті. Жарнама қызметінің табысы 57%-ға, 1,1 миллиард рубльге, ал тәжірибелер мен басқа бағыттағы табыстардың көрсеткіші 218%-ға,  2,4 миллиард рубльге жетті.

«Яндекс.Радардың» дерегі бойынша, «Яндекстің» іздеу қызметінің былтырғы жылғы табысы 56,5% болса, биыл 57% дейін өскен. «Яндекстің» іздеу қызметінің Ресейдегі Android жүйесіндегі табысы 51,2%-ға дейін өсті. Былтырғы жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 46,3% еді.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz