Twitter фейк жаңалықтың дереккөзін анықтау үшін Fabula AI стартабын сатып алды

Twitter әлеуметтік желілердегі деректерді зерттеуге арналған жүйені әзірлеген Лондонлық Fabula AI стартабын сатып алды. Venture Beat хабарлауынша бұл технологияны фейк жаңалықтың дереккөзін анықтау үшін қолданады. Екі компания да келісімшартты егжей-тегжейлі түсіндірмеді. 

Бұл технология Twitter зерттеу тобына  бағдарламалау тілін сараптау, нейро-лингвистикалық бағдарламалаудың және ұсыныс жүйесі арқылы машиналық оқытуды қолданудың жаңа әдістерін табуға көмектеседі.

2018 жылы негізі қаланған Fabula әлеуметтік желілерден алынған күрделі деректермен жұмыс істейтін тиімділ алгоритмдер, яғни  жасанды интеллекттің патенттелген жүйесін әзірледі. 

Fabula AI автордың ниетіне қарамастан, әлеуметтік желіде таратылатын кез-келген ақпараттың шынайылығын тексеруге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері бойынша интернетте шын ақпаратқа қарағанда, фейк жаңалықтар тез тарайды. Бұл жүйені жалған ақпаратты анықтау үшін қолдануға болады. 

Fabula ақпараттың таралу ерекшелігіне мән беріп, “шынайылық ұпайын” қояды. Бұл жүйенің қаншалықты нәтижелі болатынын уақыт көрсетеді. 

 

Factcheck.kz