Тунис президентінің өлімі жайлы ақпарат фейк болып шықты 

Тунис президенті Беджи Каида Эссебсидің кеңсесі оның өлімі жайлы ақпаратты жоққа шығарды. Президенттің “өлімі” жайлы ақпаратты бірнеше БАҚ таратқан болатын. Алайда, президенттің кеңесшісі Daily Star басылымына Эссебсидің ауруханаға жатқызылғанын және жағдайы ауыр екенін хабарлады. 

Бұдан бұрын Interfax.ru агенттігі «Sabah» түрік басылымына сілтеме жасап, Тунистің президенті Беджи Каид Эссеби 92 жасында қайтыс болды деп мәлімдеді .

БАҚ беттерінде Тунис президенті ауыр дерттің кесірінен әскери госпитальге жеткізілді деп айтылған.

Эс-Себси 2014 жылдан бері Тунис президенті қызметін атқарып келеді. Жақында ол президенттік сайлауға қатыспайтыны туралы мәлімдеген болатын. Оның ойынша мемлекетті жас адам басқару керек. 

 

Factcheck.kz