Тоқаев ұлттық сертификатқа қатысты пікір білдірді

Кеше ЦАРКА-ның ресми арналары ұлттық «қауіпсіздік» сертификатын енгізу тоқтатылатынын хабарлады. Бірнеше сағаттан соң ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттер парақшасында ұлттық сертификатқа қатысты жазба жариялады.

Сонымен қатар, президент твиттерінде бағдарламаға сәйкес қауіпсіздік сертификатын тестілеудің жедел аяқталуы сырттан қауіп төнгенде техникалық жабдықталу деңгейінің жоғары екенін көрсетті деп жазды. Оның айтуы бойынша ҚР интернет қолданушыларына енді еш қолайсыздық болмайды.

Factcheck.kz