Тергеу комитетінің “Дождь” телеарнасына алғысы жалған болып шықты

Анонимді Telegram каналдарда ТК басқармасы басшысының орынбасары “Дождь” телеарнасына жолдаған алғыс хаты тарады. Алғыс хатқа сенсек арнаның наразылық акциясы кезінде түсірген “11 cағаттық трансляциясы” митингке қатысушыларды жауапқа тарту үшін дәлелді базаны құруға көмектескен. Көрермен шілденің 27-сі өткен әділ сайлау үшін өткізілген митинг кезінде жүргізілген эфирді тегін көру мүмкіндігіне ие болды деп хабарлады News.ru

Тергеу комитетінің "Дождь" телеарнасына алғысы жалған болып шықты

Алайда, кейіннен фотоның жалған екені анықталды.

Тергеу комитетінің өкілі журналистерге берген сұхбатында “Дождь” арнасының бас директорына жолданған алғыс хаттың жалған екенін мәлімдеді.

News.ru тілшісіне ТК «бұл ақпаратқа байланысты ештене айтпаймыз. Бұл фейк» деп жауап берді.

Телеарна өзінің Twitter парақшасында мұндай хатты алмағанын жазды. Бас редактор Александра Перепелованың айтуы бойынша заң бойынша арна барлық бағдарламаларын ФГУП ВГТРК «Гостелерадиофонд» беруге міндетті.

https://platform.twitter.com/widgets.js

Осыған дейін News.ru митинг барысында тәртіпсіздік туралы іс бойынша тергеушілер төрт қылмыстық іс қозғағанын жазған еді. Олардың үшеуі “билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану” бабы бойынша, ал біреуі  “жаппай тәртіпсіздік” бабы бойынша қозғалды. Сондай-ақ, ІІМ және Росгвардия қызметкерлеріне қатысты күш қолдану деректері бойынша тексерулер жүргізілуде.

Factcheck.kz