Сібірдегі өрт: РБК фейк суреттер жайлы айтты

Интернетте соңғы екі аптада Ресей ормандарындағы өрт жайлы хабарламалар саны миллионнан асты. #CпаситеСибирь науқанын ондаған танымал блогерлер мен пабликтер қолдады. Сонымен қатар, РБК-ның хабарлауынша Сібір аумағында ТЖ режимін енгізу туралы петицияға 830 мыңнан астам адам қол қойды. 

Танымал блогерлер және қарапайым пайдаланушылар әлеуметтік желідегі жазбаларын өрттің суретімен жариялаған. РБК ең көп таралған фотоларды (#потушитепожарысибири немесе #СпаситеСибирь ілмегімен жарияланғандарды) сараптап, суреттердің көбі Сібірдегі өртке қатысы жоқ екенін анықтады.

Басқа фотолар

Pixabay фотобанкісіндегі танымал фотосурет (төменде қараңыз), Канада провинцияларының бірінде өрт туралы жаңалықта жарияланды және Wildfire Innovations Inc американдық компаниясының сайтының басты бетінде тұр.

©»ВКонтакте» MDK тобынан скриншот

Ең көп таралған үш фотосурет те Сібірдегі өртке еш қатысы жоқ. Бірінші сурет 2011 жылғы Красный яр аймағындағы өрт, екіншісі 2010 жылғы Долгинино ауылындағы өрт, ал үшіншісі Грекиядағы өрттің суреті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Я не знаю, есть ли смысл в этих обращениях и может ли мой пост привлечь внимание к тому, что сейчас происходит в Сибири и на Дальнем Востоке, где бушует пожар и гибнет все живое. Где от огня бегут, спасаются, но умирают животные, где задыхаются от дыма люди, которые не могут дождаться помощи. Миллионы гектаров живого леса не вернуть, что ушло вместе с ним — страшно представить. Я обращаюсь ко всем, в чьей власти остановить это – примите все возможные меры. Все, кто читает этот пост – делитесь им и подписывайте петицию (ссылка в шапке профиля), которая поможет ввести режим ЧС и выделить из бюджета дополнительные средства на борьбу с пожарами #СпаситеСибирь #потушитепожарывсибири

Публикация от Polina Gagarina (@gagara1987)

//www.instagram.com/embed.js

Тағы бір танымал фотосуреттер жинағы: Калифорниядағы өрт 2014-ші жылы; Dave & the Biscuit Rollers тобының fire on the Mountain музыкалық тректің мұқабасы; фотобанк iStock; Рязань облысындағы өрттің салдары туралы ТАСС агенттігінің суреті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

🌲🔥🐻🔥Горят легкие страны!! Уже более 4 млн гектаров леса. Неделю назад был 1 млн. Проблема из локальной благодаря бездействию — стала проблемой планетарного масштаба. ⠀ МЧС сидит месяц с самолётами и людям не дают(не дают!) разрешение на вылет! Чей это геноцид даже не страны, а планеты? ⠀ Сижу смотрю новости в аэропорту по главным каналам. Молчание о пожарах. Их нет! Нам важно все (сюжеты): непогода в Италии и бедные фермеры с их арбузами, митинги в других странах, ещё какая то ересь и мутота. ⠀ Но им не важна наша страна. Чинчики же в отпусках, в Италии. Поэтому тамошние проблемы важны. Вдруг что с винчиком случится. А если и сгорит страна, так у них давно другие паспорта. Don’t worry, be happy. ⠀ Наверное, когда люди выйдут с ведрами воды спасать себя — их тоже примут за митингующих и будут бить по голове дубинками? Ведь дубинки они не из дерева, бить то будет чем, это ж не нефть горит — каучук будет. И давайте снимем какой-нибудь патриотический фильм про природу? Нарисуем в графике, на зеленке. В жопу всех этих недовольных! Рисуем счастье! 🎥Камера, мотор. ⠀ Только вот природу уже сожженную не увидят даже наши дети к своей полной старости. Может быть только дети наших детей. ⠀ То поймали и истязают масштабно китов, то засыпают парашными свалками людей, то лишили лекарств умирающих мучающихся… Байкал… Вырубка наших лесов на китайские палочки… Что дальше?..😔 #спасителесасибири #спаситесибирь #пожалуйста

Публикация от Elena Temnikova ・ Темникова (@lenatemnikovaofficial)

//www.instagram.com/embed.js

РБК осы фотосуреттерді қолданған Полина Гагарина мен Елена Темниковаға сауал жолдады. Темникованың өкілі Табриз Шахиди РБК-ға берген жауабында фотоға емес, жазбаның мағынасына мән беру керегін айтты.

«Фото жанып жатқан ормандар бойынша детективті тергеу емес, автордың қалауынша жарияланған иллюстративті материал. Бұл журналистердің жұмысы. Суреттер БАҚ-та жарияланған мақалалардан алынған. Өртенген қояндар мен бұғылардың суретін өздеріңіз де тауып аласыздар» деп жауап берді. 

Шахиди айтқан «өртенген қояндар мен бұғылардың» суреттері расында да Сібірдегі өртке байланысты жазбаларда жиі пайда болады. Алайда, бұл фотолар Сібірдегі өртке еш қатысы жоқ. Себебі, өртенген қоянның суреті Калифорнияда орын алған өрттің кезінде түсірілген. Ал, бұғының суретіне келер болсақ, ол 2011 жылы Свердлов облысы Гарин орманшылығының орманшысы құтқарған жануарлар оқиғасына байланысты жасалған сурет. 

Полина Гагаринаның PR-директоры Наталья Мостакова РБК-ның сауалына былай деп жауап берді:

«Полина тек өзінің пікірін білдірді, мүмкін кей деректерді назардан тыс қалдырған шығар. Барлығыңызды ол көтерген мәселеге назар аударуды сұраймын»

Жасанды қызығушылық емес

РБК сарапшылары Сібірдегі өрт тақырыбы жасанды түрде өрбіп жатыр ма деген сұрақта екі түрлі пікір ұстанады. «Әлеуметтік желілер» агенттігінің қорытындысына сәйкес «контент-талдау және статистикалық талдау жоспарланған ақпараттық кампанияның белгілерін анықтамады».

PRT Edelman Affiliate бас директоры Глеб Сахрайдың пайымдауынша әлеуметтік желіде шынайы аккаунттарды, пікір көшбасшыларын қолдана отырып белгілі бір мәселенің маңызын арттыруға болады. 

«Яғни, іс жүзінде мәселені ең басты тақырып етуге болады, — дейді ол.  Бұл жерде орман өрттері өте жақсы мысал, себебі экологиялық апаттар өршіп тұрған тақырып және желідегі мұндай оқиғаларға байланысты фотосуреттер өте көп.

Контекст 

Lenta.ru хабарлауынша 31 шілдедегі мәліметтерге сәйкес, Ресейдегі орман өрттерінің жалпы көлемі үш миллион гектарға дейін ұлғайды. Бес ауданда ТЖ жарияланды. Ең күрделі жағдай Иркутск облысында, Краснояр өлкесінде және Якутияда анықталды. Сібірдің кейбір қалаларын смог басып, тұрғындарға арнайы маска таратылды.