Шри-Ланка терактілерден соң фейк туралы жаңа заң қабылдамақ

Шри-Ланкада фейк жаңалық таратып, әлеуметтік желіде өшпенділік тудырғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айыру мүмкін. Интернетте жалған ақпараттың көп таралуына байланысты ел үкіметін осындай шешім қабылдады деп хабарлады France 24

Министрлер кабинеті Әділет министрінің міндетін атқарушының ұсынысын қабылдады. Жаңа заң бойынша құқықбұзушылар бір миллион рупий (5715 АҚШ доллары) айыппұл төлеуге мәжбүр. Өзгерістер Қылмыстық кодекске еңгізіледі. 

Он жылдық соғыстан кейін этникалық қақтығыстар әлі де сақталып келе жатқан мемлекетте Facebook, Twitter және Whatsapp платформалары өшпенділікке толы мәлімдемелерді тарататын құралға айналғаны жайлы үкіметте бірнеше рет талқыланған болатын. 

Шри-Ланканың әлеуметтік желісінде 258 адам қаза тауып, шамамен 500 адам жараланған терактіден соң фейк жаңалықтардың көптеп таралғаны анықталды. 

Ол кезде Facebook, Twitter, YouTube, Instagram және WhatsApp желілеріне тоғыз күндік тыйым салынды. 

Алдыңғы айда Сингапур үкіметі фейк жаңалықтармен күресу мақсатында жаңа заң қабылдады. Заңға сәйкес қылмыскер 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылу мүмкін. 

 

Factcheck.kz