Рохинджа өлімін зерттеген Reuters тілшілері мерзімінен бұрын босатылды

Мьянмада мемлекеттік құпияны сақтау заңын бұзғаны үшін 7 жылға сотталған Reuters-тің екі тілшісі, сейсенбі күні Янгонадағы түрмеден босатылды. Ақпарат агентігінің хабарлауынша тілшілер қамауда 500 күн  болды. 

33 жастағы Ва Лоун және 29 жастағы Киав Со Оо 2017 жылдың желтоқсан айында Ракхайн штатында әскерилердің қатысуымен орын алған қылмысты, оның ішінде  ондаған рохинджа мұсылмандарының өлімін зерттеу кезінде тұтқындалған еді. Сәуірде тілшілердің жұмысы Пулитцер жүлдесіне ие болды.

ВВС-дің орыс қызметі тілшілердің қандай зерттеумен айналысқанын түсіндірді.

2017 жылдың қыркүйегінде Ва Лоун және Кья Со Оо Ракхайн облысының солтүстігінде орналасқан Инн Дин ауылында әскерилер өлтірген рохинджа мұсылмандарының ісін зерттеді.

Оларды мейрамханада полиция қызметкерлері құжаттарды бергеннен соң, репортажды жарияламастан бұрын тұтқындады.

Куәгер полицияға берген түсініктемесінде  мейрамханадағы кездесу журналистерге құрылған қақпан екенін айтты.

Зерттеудің соңғы жариялымы басқа журналистермен бірлескен авторлығымен шықты. Үлкен резонанс тудырған мақалада оқиғаның әртүрлі қатысушыларының, оның ішінде буддистер ауылының тұрғындарының рохинджа мұсылмандардың өліміне және үйлерінің өртенуіне байланысты берген деректері жиналған. Полиция  өз есебінде мұсылмандарға жасалған қылмыс пен әскерилердің арасындағы байланысты көрсетті.

Осыған дейін  Ракхайн облысындағы рохинджаларға қарсы әрекетке байланысты әскерилер өз зерттеуін жүргізді. Нәтижесінде рохинджа босқындарының сөздеріне қарамастан әскерилер өздерін ақтап шықты.

Кейін билік өкілдері Инн Дин ауылындағы рохинджалардың өлімін мойындады, қылмыскерлерді жауапқа тартуға уәде беріп қылмысқа қатысты өз зерттеуін бастады.

Бүгінде қылмысқа қатысы бар жеті әскер түрмеге қамалды. Әскери қызметкерлердің айтуынша қылмысқа қатысы бар сарбаздар 10 жылға дейін каторгалық жұмысқа кесілді. Журналистер босатылғаннан кейін түсірілген видеоны Guardian  басылымы жариялады.

Тілшілер президенттік амнистия кезінде босатылған 6000 сотталушымен бірге бостандыққа шықты. Мьянма билігі дәстүр бойынша 17 сәуірде басталатын Жаңа жыл қарсаңында жаппай амнистия жариялайды.

2018 жылдың қыркүйегінде Янгон аудандық соты тілшілерді мемлекеттік құпияны сақтау заңын бұзды деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сәуір айының соңында Мьянманың жоғарғы соты тілшілердің аппеляциялық өтінішін қабылдамады.  

Рохинджа Мьянмада тұратын мұсылмандар. Мьянмада тұратын халықтың көп бөлігі буддизмді ұстанады. Үкімет рохинджалар тұратын аймақта геноцид белгілері бар қылмысқа жол бергені үшін бірнеше рет сыналған. Бір жағынан Мьянмадағы қылмысқа байланысты көптеген жалған ақпарат, фото және бейнематериалдар отандық басылымдарда да тарады. Екінші жағынан Мьянмадағы әскерилердің қылмысын БҰҰ ресми мойындады және бірқатар мемлекеттер сынады. 

Factcheck.kz