Режиссёр-документалист Қанат Бейсекеевке Шымкентте шабуыл жасалды

Режиссёр-документалист Қанат Бейсекеевке және журналист Әділет Әбішке Шымкентте шабуыл жасалды. Бейсекеев пен Әбіш «Власть» басылымына Арыс қаласында болған жарылыстардың салдары туралы видеорепортаж түсірген еді. 

Қаната Бейсекеев пен Әділет Әбішке, эвакуация пунктерінің бірі, Шымкенттің «Ақ мешіт» орталық мешітінде видеорепортаж түсіру барысында бір топ белгісіз адам шабуыл жасады. Бұзақылар журналистің техникасын зақымдаған. Бейсекеев Instagram парағында:

«Олар, бәлкім, ұрысып тұрғандарын түсіргенімізді ұнатпай қалған сияқты.Бірақ біз түсіре бердік, оларға бұл ұнамай қалды» деген болжам айтты. 

Ұрыс-керістен кейін журналистерді полиция тұтқындап, Шымкент қаласының Абай полиция бөліміне жеткізді. «Власть» сайтының тілшілерінің айтуынша бөлімшеге басқа көлікпен барған. Полициямен сөйлесіп болған соң, журналистер босатылды. 

Informburo.kz сайтының хабарлауынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша – Шымкенттегі «Ақмешіт» орталық мешітінде орналасқан эвакуациялау пунктінде Арыс қаласынан эвакуацияланған тұрғындары мен БАҚ өкілдер арасында туындаған қақтығыс фактісі бойынша іс жүргізілуде» деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

 

Factcheck.kz