Ресейліктердің көбі бұқаралық ақпарат құралдарында оқыған жалған ақпаратты әдейі жарияланған деп ойлайды. Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының жүргізген сауалнамасы бойынша деректерді ТАСС хабарлады.
«БҚПЗО-Спутник» бүкілресейлік сауалнамасы 2019 жылдың 16 сәуір жүргізілді.
Зерттеу нәтижесі бойынша ресейліктердің 74%-ы БАҚ-та оқыған, көрген жалған ақпаратты тілшілер әдейі таратқан деп есептейді. Ал, 17%-ы жалған ақпаратты журналисттер мен редакторлар байқаусызда, қателесіп таратқан деп ойлайды.
БАҚ-та және интернетте жарияланған жалған ақпаратты Ресейліктердің көбі (62%) анықтай алады екен.
Сондай-ақ, респонденттердің жартысы (47%) БАҚ-та жалған ақпарат кездестірмегеніне сенімді. Сұралғандардың 31% фейк жаңалықтарды интернетте көргенін айтса, 20% телеарналарда, 7% газетте оқығанын, ал қалған 5% радио арқылы тыңдағанын айтты.
Сауалнаманың іріктеме көлемі 1,6 мың респондент және 95%-ға қателесу ықтималдылығының максималды көрсеткіші 2,5% аспайды.