Ресейді COVID-19 вакцинасы бойынша деректерді ұрлады деп айыптауда

Британия, АҚШ және Канада Ресейді COVID-19 вакцинасы бойынша деректерді ұрлады деп айыптауда. Болжам бойынша Ресей барлауымен байланысты хакерлер бірнеше шетелдік медициналық ұйымдарды шабуылдаған.

National cyber security centre хабарлауынша Ресейлік киберқылмыскерлер COVID-19 қарсы вакцина әзірлейтін ұйымдарға шабуыл жасаған. Олар шабуыл APT29 тобы жасаған және ресейлік барлау қызметімен “байланысты болуы мүмкін” деп мәлімдеді.

APT29 хакерлік тобы “бағалы зияткерлік меншікті” ұрлау үшін үкіметтік, дипломатиялық, аналитикалық, медициналық және энергетикалық объектілерге шабуыл жасайды. Бұл топты 2016 жылы АҚШ-та президенттік сайлау кезінде ұлттық демократиялық Комитетке шабуыл жасады деп айыптаған.

Топ түрлі құралдар мен әдістерді, соның ішінде фишинг найзасын (spear-phishing, нақты адамды алдау үшін қолданылады) және WellMess және wellmail сынды зиянды бағдарламаларды пайдаланады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Лондон мен оның одақтастарының айыптауына жауап берді. Хатшының айтуынша Ресей Ұлыбританиядағы фармокомпаниялар мен зерттеу орталықтарына кім кибершабуыл жасағанын білмейді, Ресейдің бұған қатысы жоқ.

Factcheck.kz