Путин тікелей байланыс кезінде фейк жаңалықтарға қатысты пікір білдірді 

Ресей президенті Владимир Путин тікелей байланыс кезінде белгілі YouTube блогерлер Амираном Сардаров  («Дневник Хача») және Дмитрий Пучковтың («Гоблин») сұрақтарына жауап берді. Путин фейк жаңалықтар үшін қатайтылған шаралар мен «егеменді интернет» жайлы барлық сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды Lenta.ru

Пучков жалған жаңалықтар үшін жауапкершілікті күшейтудің уақыты келгенін айтты. Путиннің сөзінше фейк жаңалықтар “шыныменде өзекті мәселеге айналуда”. Президент мұны “бомба орнатылды” деген жалған хабарламалар мекеменің жұмыс істеуіне кедергі келтіруімен салыстырды. Оның ойынша заңда көрсетілген көрінеу жалған ақпарат пен алаңдаулы азаматтардың сөздерін ажырата білу маңызды.

Сардаров «егеменді интернет» тақырыбын қозғады. Оның айтуынша «сырттай бұл (заң қабылдау – ред.) бүкіл әлемнен “темір қоршаудың” көмегімен оқшауланғымыз келетін сияқты болып көрінеді». Блогер заңның не үшін қабылданғанын сұрады.   

Путиннің айтуынша, бұл заң тек Ресейлік интернет желісінің сенімді жұмыс істеуіне бағытталған және ешқандай шектеу қойылмайды. Президент:

«Бұл жерде интернетте шектеулер жайлы айтып отырған жоқпыз. Заң біздің интернетіміздің, сегментіміздің егемендігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол жерде жеке тұлғаларға да, блогерлерге де, мемлекеттік ұйымдарға да жұмыс істеуге мүмкіндік береді» деп мәлімдеді.  

Interfax-тың хабарлауынша Рунеттің тұрақтылығын сақтайтын заң 2019 жылдың қарашаның 1-інен бастап күшіне енеді. Жаңа заң Ресейде сыртқы қауіптерге қарсы тұратын техникалық құралдарды орнатуды және ішкі бағыттарға трафикті қайта бағыттауды қарастырады. 

Заң «трафик айырбастау пункттері» ұғымын енгізеді. Байланыс операторлары трафиктің көзін анықтауға қабілетті техникалық құралдарды құруға және тыйым салынған ақпарат пен ресурстарға тыйым салуға міндетті. Желіні қолдану ережелерін анықтау федералды атқарушы органға жіберіледі. Операторлар трансшекаралық желілерде маршруттау туралы есеп береді және төтенше жағдайда трафикті орталықтандырып, басқаруға мүмкіндік береді. Заңды ақпан айында мемлекеттік дума қабылдады.

Наурызда Мәскеу орталығында «еркін интернет» митингі өтті. Митингіден ВВС-дің орыс қызметі хабар таратты. «Белый счетчиктің» дерегі бойынша Сахаров даңғылына 15 мың адам шықты. Митинг ұйымдастырушысы:

«Цензура торы өмірімізді күн өткен сайын орап жатыр. Біз Ресей интернетін халықаралық желіден оқшаулауға қарсымы! Интернет еркін болсын!» деп мәлімдеді. 

Factcheck.kz