Павел Дуров WhatsApp компаниясын ФТБ-мен бірлесті деп айыптады

«Вконтакте» және Telegram желілерінің негізін қалаушы Павел Дуров WhatsApp мессенджерінің қолданушы деректерінің қауіпсіздігі мәселелерін сынға алды. Оның ойынша ФТБ қолданушылар жайлы ақпаратқа қолжеткізу үшін WhatsApp өз қосымшасында қателіктерді әдейі жасайды деп хабарлады «Коммерсант».  

Дуров өз жазбасында «қауіпсіздік органдары жасырын әрекеттерін терроризмге қарсы амал деп ақтайтындарын түсінемін. Алайда мұндай бэкдорларды (алгоритмге арнайы орнатылған қателер) қылмыскерлер мен авторитарлы үкімет қолдана алатынын ұмытпаған жөн» деп пікір білдірді.  

«Вконтакте» желісінің негізін қалаушының сөз бойынша WhatsApp қауіпсіздік талаптарына сай болмағандықтан  2012 жылы Telegram мессенджері құрылды.

«Алты жыл ішінде біз бір байт ақпаратты үшінші жаққа ашқан жоқпыз. Бұл кезде Facebook пен WhatsApp үкіметке жұмыс істейміз деп сендірген адамдардың бәріне есігін ашты»

Осыған дейін WhatsApp қосымшада айтарлықтай қателікті жөндегенін растады. Хакерлер қателікті пайдаланып адамдарды бақылауға мүмкіндік беретін «тыңшылық» бағдарлама жасақтамасын орнатқан. БАҚ өкілдері табылған тыңшылық бағдарламаны Израильдегі NSO Group компаниясы жасады деп мәлімдеді. Әдетте, компания мұндай бағдарламаларды түрлі құрылғыларға қолжеткізгісі келетін мемлекеттерге ұсынады. Алайда, WhatsApp компанияның атын атамады.