Өзбекстанда билікті сынаған сайттарды бұғаттан шығарды

Өзбекстан он жыл бойы ел ішінде пайдаланушыларға қолжетімсіз болған бірнеше сайтты бұғаттан шығарды. Өткен аптадан бері үкімет құқық қорғау ұйымдарының порталдарына, билікті сынаған шетелдік БАҚ-қа рұқсат берді. Билік өкілдерінің шешімі жайлы ВВС орыс қызметі хабарлады.

Мамырдың 10-ы ақпарат және коммуникация агентігінің басшысы Комил Алламжонов ВВС-дің өзбек қызметіне, Deutsche Welle, “Голоса Америки”, Eurasianet.org, AsiaTerra, Fergana ақпараттық агентігіне, Amnesty International құқық қорғау ұйымының сайтына,Human Rights Watch және “Репортеры без границ” сайттары қайта ашылғанын хабарлады.   

Алламжонов аты аталған сайттардың бәрі осыған дейін “техникалық себептерге” байланысты қолжетімсіз болғанын айтты.

Тәуелсіз сарапшылар бірнеше жыл бойы тек оппозициялық, шетелдік БАҚ және құқық қорғау ұйымдарының сайттарында ғана техникалық ақаулар болғанына мән берді.

Сәуірде ЕҚЫҰ сөз бостандығы бойынша өкілі Гарлем Дезир Өзбекстан билігін бірнеше сайтты бұғаттаудан шығаруды және ақпаратқа қолжетімділік пен сөз бостандығын реттейтін ережелерді өзгертуін сұрады.

Президент Шавкат Мирзиёевтің билік ету кезінде Өзбекстан әлемдік сөз бостандығы индексінде жоғары сатыға көтеріліп келеді. Мысалы, 2017 жылы мемлекет 169 орында болса, 2019 жылы 160 орынға көтерілді. Бұл дегеніміз Ташкент мемлекеттік цензураға өзгерістер еңгізіп келеді. 

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде өзбекстандықтан сайттарды бұғаттау мәселесін жиі көтерді. Желі қолданушылардың көбі Facebook-те президенттің қызы Саида Мирзиёеваға хат жазды. Саида Мирзиёева ақпарат және бұқара коммуникациялар агентігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Өзбекстан  ақпараттық және сараптамалық онлайн басылымдарды 2005  жылдан бері бұғаттап келеді. 

Содан кейін Әндіжан оқиғасы кезінде бірқатар Шығыс Еуропа мемлекеттері, АҚШ, құқық қорғау және халықаралық ұйымдар Өзбекстанның бұл ісін сынға алды. Әндіжан оқиғасында шамамен 200 адам қайтыс болды. 

Factcheck.kz