Оқытушы COVID-19 вирусының таралуы жайлы фейк таратқан

Polisia.kz порталының хабарлауынша 28 наурыз күні Талдықорған көлік прокуратурасына Whatsapp мессенджерінде көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Үштөбе станциясында коронавирус жұқтыруы мүмкін екі азаматты пойыздан түсіріп алғаны туралы жалған аудиожазба таратылғаны анықталды.

Бүгін жалған хабарлама авторын анықталды. Ол Үштөбе қаласының орта мектептерінің бірінде жұмыс істейтін 48 жастағы мұғалім болып шықты. Автор өз кінәсін мойындап, WhatsApp-та жалған ақпарат таратқанын растады.

Жалған ақпарат таратқан адамға қатысты ҚР ҚК 274-бабының 2-тармағы 4-бөлігі бойынша (көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Factcheck.kz